«Халыққа көмектің» көмегі тиюде

Screenshot_19.jpg

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округіне қарасты, Ханқорған елдімекенінің тұрғыны Бекбаева Замираның шағымынан нәтиже шығарып, өтінішін орындады. Елдімекен тұрғыны  Ш.Уалиханов көшесінің бүгінгі жағдайы жайлы, жаңбыр жауып, қар түскен уақыттарда көше арқылы жүру қиыншылық тудыратындығын айтып, партияға өтініш білдірген болатын.

   Осыған орай,  «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Даулетұлының тапсырмасы бойынша, «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлы, Сайрам аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бейсенбаев Баймырза және аудандық мәслихаттың депутаты, фракция мүшесі Батырбек Зиятаевтар Ш.Уалиханов көшесінің жағдайымен танысып, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, Сайрам аудандық мәслихатының депутаты өз қаражаты есебінен алдағы 10-15 күннің ішінде көшені толықтай асфальттап беруге уәде берген болатын. Нәтижесінде 2019 жылы 6 қыркүйек күні Ханқорған елдімекеніндегі Ш.Уалиханов көшесіне толықтай асфальт төселіп, пайдалануға берілді. Сонымен қатар ауыл тұрғындары «Халыққа көмек» жобасы аясында халықпен кері байланыстың қуатты жүйесін қалыптастыра білген «Nur Otan» партиясы мен мәслихат депутаттарына және аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне өз алғыстарын жеткізді.

Ресми мәліметтерге сүйнесек жалпы ағымдағы жылы Көлкент ауылы Ханқорған елді мекенінде ұзындығы 5-0 шақырым тұйықтар мен өткелдерге 46,6 млн теңге қаржы қарастырылып, ішкі шаруашылық жолдардың орта жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Алдағы уақытта ауыл тұрғындарының ұсынысы бойынша 2-ші кезеңге ұзындығы 3,2 шақырым болатын тұйықтар мен өткелдерге негізделген құжаттар дайындалып, қаржы көлемі анықталған соң бюджеттік комиссияға қаржы қарастыруға ұсыныс беріледі және жөндеу жұмыстары толығымен жүргізіледі.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Марафондағы екі адам өлімі: Министр мәлімдеме жасады
  • Қазақстанда жәрдемақы беру тәртібі өзгереді
  • Ұлытауда 212 млн теңге жергілікті бюджетке қайтарылды
  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер