Динара Сәдуақасова қазақстандық шахматта жаңа рекорд орнатты


Турнирге әлемнің 40-тан астам елінен 150 мықты шахматшы қатысып, олардың қатарында әлемдік деңгейдегі Магнус Карлсен, Фабиано Каруана, Левон Аронян есімді белгілі шахматшылар болды. Қатысушылардың орташа рейтингі 2605-ті құрады. 

Турнирде қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова сәтті өнер көрсетті. Әйелдер арасында ол үнді спортшысы Харика Дронаваллимен 1-2-ші орынды бөлісті. 

"Бұл өзімді көрсетуге тамаша мүмкіндік болды. Күн сайын мықты ойыншылармен ойнайсың. Бар күшімді салдым - дегенмен зор қашықтық қой. Менің барлық қарсыластарым әлемдік шахмат элитасы – "алтыжүздіктер" тобындағы гроссмейстерлер болды. Бұл құрам мені қорқытқан жоқ, керісінше, өзімді тексеруге мүмкіндік тудырды", - деді Динара.  

Grand Swiss турнирінен кейін Динараның рейтингі 2505 болды. Енді ол әлемнің ең мықты шахматшылары арасында 11-орында тұр. Бұл қазақстандық әйелдер шахматы үшін жоғары нәтиже.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Динара Сәдуақасова қазақстандық шахматта жаңа рекорд орнатты