Жамбыл тұрғындарына шағын несие үшін бюджеттен 2 миллиард теңге бөлінеді

Картинки по запросу шағын несие

Жамбыл облысында биыл барлығы 1300-ден астам адамға жалпы 6147,6 миллион теңгенің шағын несиесі беріледі деп жоспарланған. Бұл республика бойынша басқа өңірлермен салыстырғанда алдыңғы көрсеткіштердің бірі, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

2019 жылдың қараша айынан облыс тұрғындарына шағын несие беруге қосымша республикалық бюджеттен тағы 2 миллиард теңге бөлініп отыр. Ал, бұл қаржылардың игерілуі қай деңгейде? Тұрғындардың шағын несиеге қол жеткізу барысы жүйелі ма? Ол туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тоғыз айлық есебінде жан-жақты айтылды. 

Есептік жиында облыс әкімі Асқар Мырзахметовке аталған басқарма басшысы Тимуржан Нұрымбетов алғашқы үш тоқсандағы атқарылған жұмыстарды баяндады. Ол биылғы тоғыз айда ауыл бойынша 885 адам 3797,3 миллион теңгенің, қала бойынша 24 адам 1070,3 миллион теңгенің шағын несиесіне қол жеткізгенін айтып, жыл соңына дейін көзделген меже толығымен орындалатынына сендірді. 

«Айта кетейік, бүгінгі таңда жалпы халықты жұмыспен қамту шаралары бүгінгі таңда «Еңбек» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы бұл бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен 7,4 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен 4,2 миллиард теңге қарастырылған. Нәтижесінде тоғыз айда жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 30 504 адам тартылып, жылдық жоспар әзірге 86 пайызға орындалып отыр. Сонымен қатар, есепті кезеңде жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен 20 640 адам жұмыспен қамтылса, оның ішінде 14210 адам тұрақты негізде орналасқан»,- деді Тимуржан Нұрымбетов

Асқар Мырзахметов шағын несиелерді шын мәніндегі қажетті жобаларға жұмсаудың маңыздылығын ескертіп, ол бойынша жауапты тұлғаларға әрбір ауданның әлеуеті мен сұранысын барлап, карта әзірлеп, арнайы базаны қалыптастыруды тапсырды. Сондай-ақ, бұл бағытта ауылдағы қарапайым халықты барынша хабардар ету жұмыстары әлі де әлсіз екенін ашып айтып, тұрғындардың тұрмысын арттыру жолында бар шараларды қолға алуды жүктеді. Өңір басшысы қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарын оңтайландыруды, әсіресе, сұранысқа сай мамандықтарға басымдық беру керектігіне көңіл бөліп, тиісті тұлғаларға бұл тұрғыдағы бақылау шараларын қатаңдатуды міндеттеді. 

Басқосуда басқа да жоспарлы көрсеткіштер мен межелі міндеттердің орындалу барысы қаралып, жұмысы сылбыр аудан мен қала басшылары сынға алынды. Атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы, барлық аудандарда мүгедек балаларды оңалту орталықтарын құру бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы сұралды. Сонымен қатар, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру, жастар практикасы, ақылы қоғамдық жұмысқа тарту, мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша жасалынып жатқан жұмыстар жайы сараланды. 

Атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуында кеткен кемшіліктерді жоюға айрықша назар аударып, екінші рет ондай келеңсіздікке жол бермеу үшін бақылау мен барлауды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ тиісті көмек шынайы мұқтаждарға үлестірілу керектігін баса айтты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер