Түркістан облысында 11 несие алушыны алдаған банк қызметкеріне қатысты сот үкімі ішықты

Түлкібас аудандық полиция бөліміне бірнеше жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғандарын жеткізді. Олар өзінің арызында банктен несие алып, сол несиелерін бірнеше жылдан кейін өтеп болған сәтте қайтадан қарыз болып шыққанын айтқан.  Аталған жайтты полиция қызметкерлері бірден ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша СДТБТ-ға тіркеді. 

image.png

Осылайша арыздарды тіркеген полицейлер алаяқты ұстау ісіне кіріседі. Түлкібас АПБ-ніңф қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғынын  және бұрынғы банк қызметкерін ұстайды. Жедел шараларды атқарған полиция қызметкерлері қылмыстық істі толығымен ашып, кінәліні құрықтау үшін 2 ай бойы іс-шараларды жоғары деңгейде атқарады. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Түлкібас АПБ-нің тергеушісі күдіктінің  2018-2019 жылдар аралығында аудандағы белгілі бір банктың филиалында менеджер болып қызмет атқарып, несие алуға келген тұрғындарға несие рәсімдеу кезінде алаяқтық жасағанын анықтады. Яғни күдікті жігіт заң аясында несие алу үшін түзілетін бір келісімшарттың орнына екеуін қолдан жасап, бірінде тұрғынға арналған соманы, ал екіншісінде тұрғынның алатын несиесінің үстінен өзіне керекті қаржыны қосып көрсетіп, өзінің айласын іске асырған. 

Бұл жайтты тұрғындар несиелерін төлеп біткен сәтте білген. Себебі қарыздан құтылдық деп есептеген тұрғындарға, банктен қайтадан несие әлі жабылмады, қарызыңыз бар деген хабарлама келген. Полицейлердің қырағылығының арқасында алаяқтық жасаған банк қызметкерінің жалпы 11 тұрғынды осылай алдағаны, шығын көлемі 8 000 000 теңгеге жуық соманы құрағаны расталды.  

Ал істің ақ-қарасын ажыратып, тергеуді тиянақты жүргізген Түлкібас АПБ тергеушісі полиция капитаны Азамат Сапаров алғашқыда күдікті жауаптан жалтарып, кейіннен Алматыда орналасқан банктің бас ғимараты арқылы келісімшарттарды алдырып, оны сараптамаға жолдап, қортындысы бойынша күдіктінің қолтаңбасы екені белгілі болған соң барып, кінәсін толық мойындағанын айтты. 

Осылайша қылмыстық іс аудандық сотқа жолданып, сот үкімімен 30 жастағы ер азамат, яғни Шымкент қаласының тұрғыны, бұрынғы банк қызметкері болған күдікті 3 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.  


Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер