Түркістан облысының полицейлері «Қызыл кітапқа» енген «Түркістан Қаязы» балықтарын сатқан күдіктіні

Кентау қалалық полиция басқармасы ЖПҚ учаскелік полицейлері және АСОББШИ балық шаруашылық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, облыс көлемінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларының заңсыз аулануына, тасымалдануына т.б. жайттарға байланысты заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында арнайы рейд жұмыстарын жүргізді. 

Нәтижесінде Кентау қаласындағы орталық базарлардың бірінде балық сататын орындарды тексеру барысында «Қызыл кітапқа» енген балықты заңсыз сатып отырған сатушыны, яғни Кентау қаласының жергілікті тұрғынын анықтады.

Сатушының сатып отырған балықтарын тексеру барысында балықтарының арасынан  4 дана «Қызыл кітапқа» енген «Түркістан Қаязы» балығы тәркіленді. Аталған жайт бірден ҚР ҚК-нің 339-бабы  «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша тіркеуге алынды. 

Тексеру барысында аталған іске қатысы бар күдікті ретінде ұсталған сатушының «Түркістан Қаязы» балықтарын Түркістан қаласындағы сауда орындарының бірінен алғаны белгілі болды. Бүгінгі таңда күдікті ер азамат қолхатта. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Сондай-ақ Кентау ҚПБ-ның полицейлері аталмыш күдіктіге ерекше қорғаудағы балықтарды сатқан түркістандық белгісіз азаматтың жеке басын анықтауға байланысты жедел жұмыстарды жүргізуде.  

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны және ресурстарды заңсыз өндіргені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. 

Тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарын табиғатты қорғауға және заңдарды сақтауға шақырады. Егер сіз браконьерлік деректеріне куәгер немесе қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, тез арада полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз.


ТО ПД-ның баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер