«2020-2022 жылдары денсаулық сақтау жүйесіне арналған қаржы көлемі – 4,7 трлн теңге. Оның ішінде 2020 жылы 1,5 трлн теңге бөлінеді. Бұл сома осы жылдың деңгейіне қарағанда 298,5 млрд теңгеге жоғары. Аталған өсім негізінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшу және медицина қызметкерлері еңбекақысының ұлғаюына байланысты болып отыр», - деді вице-министр.
Берік Шолпанқұлов сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін құру мақсатында Мүгедектер құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленгенін жеткізді.
«Үш жылдық бюджетте оны іске асыруға 58,2 млрд теңге, оның ішінде 2020 жылға 18,9 млрд теңге бөлу жоспарланған», - деді ол.
Айта кетсек, бүгін Берік Шолпанқұлов Парламент Сенатының
депутаттарына 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын
таныстырып, білім және ғылым жүйесін дамытуға 2020-2022 жылдары 3,7 трлн
теңге бөлінетінін мәлім еткен
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/