ТҮРКІСТАН: «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

263a6af4-e290-4a29-8236-d1ba158f34a8.jpg

Түркістан облысы Түлкібас ауданы «Nur Otan» партиясы  филиалында  «Партия кадрлық резервіне іріктеу» тақырыбында брифинг өтті. Брифингте аудандық партия филиал төрағасының бірінші орынбасары Асланбек Нұранов партияның кадрлық резервіне іріктеуге қатысуға өтініштер беру және партияның ядролық электоратын қалыптастыру ережелерімен таныстырды. Сондай-ақ, брифингке облыстық филиал төрағасының Бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаевта қатысып, пилоттық жобаның ерекшеліктері туралы түсіндірді. Партияның кадрлық резервіне іріктеу тек пилоттық режимде Түркістан облысы, Түлкібас ауданында өткізіледі. Өтініштер 2019 жылдың 28 қазанынан 4 қарашасына дейін қабылданады. Іріктеуге сотталмаған және Түлкібас ауданында тұратын 20 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Кадрлық резервке тек партия мүшелері ғана емес, сонымен қатар «Nur Otan» партиясының қатарына қосылуға ниет білдірген азаматтар да қатыса алады.

            Партия жұмысын «қайта жүктеу» (перезагрузка) бағдарламасының алғашқы импульсі - «ядролық электораттың қалыптасуы» болып отыр. «Ядролық электорат» дегеніміз - бұл халықтың және партияның мүдделерін, жаңа көзқараспен, елдің өмірі мен біздің азаматтарымыз үшін қамқорлықпен қарайтын адамдарды қорғауға қабілетті партия мүшелері. Партияның кадрлық резервіне таңдау партияның ядролық электоратының қалыптасуындағы алғашқы қадам болып табылады. Қазіргі таңда Түлкібас аудандық партия филиалында 6008 партия мүшесі,  23 бастауыш партия ұйымы, 16 мәслихат депутаты бар.

                 Атап өтейік, тамыз айында Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Саяси Кеңестің кеңейтілген отырысында «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын ұсынған болатын.

 «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер