Шымкент қаласы мемлекеттік сатып алулар басқармасы 677 млн.теңге үнемдеген

Screenshot_1.jpg

Шымкент қаласы мемлекеттік сатып алулар басқармасы 677 млн.теңге үнемдеген. Нәтижесінде үнемделген соманың үлес салмағы 4,5 пайызды құрап отыр. Бұл туралы бүгін Шымкенттегі ақпараттық-коммуникациялар қызметінде өткен бирифингте қалалық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысының міндетін атқарушы Балмейір Сансызбайұлы хабарлады.

- 2018 жылдың 26 желтоқсанында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері бойынша Заңға қол қойды. Заң үш негізгі проблеманы шешуге мүмкіндік береді: сатып алу процедураларының аса тым ұзақ мерзімде өткізілуі, сатып алуға қатысушылардың біліктілігінің төмендігі және үнемі бір көзден сатып алу үлесінің көптігі.

Өзгерістерді басшылыққа ала отырып, 2019 жылдың мамыр айынан бастап Шымкент қаласы мемлекеттік сатып алулар басқармасымен жалпы құны 20 млрд. 034 млн. теңгеге (ҚҚС-сыз) 52 электрондық мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланды, - деді Балмейір Сансызбайұлы. Ол мемлекеттік сатып алу қызметтері қалай жүзеге асырылғанын жіктеп айтып берді: 

- жаңа құрылыстар салу, нысанды күрделі жөндеу, қайта жаңғырту және жобалау-сметалық жұмыстары бойынша – 30 конкурс (Бүгінгі таңда -29 мемлекеттік сатып алу аяқталды, -1 мемлекеттік сатып алу шағымдану сатысында) ұйымдастырылып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылған.

- көрсетілетін қызметтер бойынша - 21 конкурс (Бүгінгі таңда - 1 мемлекеттік сатып алу қайта жарияланды, - 20 мемлекеттік сатып алу аяқталды) ұйымдастырылып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылған.

- тауарлар бойынша – 1 конкурс (600 лоттан тұрады) (- 1 мемлекеттік сатып алу өтінімдерді қабылдау сатысында) ұйымдастырылып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда.

Жалпы конкурс процедуралары аяқталып, жеңімпаздар анықталған конкурстардың саны - 50. Жалпы сомасы 15 млрд. 056 млн. теңгеге жүзеге асырылған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер