ЖИТС-тің алдын алу шаралары

Znalezione obrazy dla zapytania спид

СПИД  пен ВИЧ жайында біз жиі естиміз, оқимыз, айтамыз. Бірақ дәл осындай қасіретке шалдыққан жандар қалай өмір сүріп жатқанын тіпті ойлағымыз да келмейді.

СПИД – иммундық жүйенің зақымдануы нәтижесінде организмнің қорғану күші әлсіреуінен туған патологиялық күй. Бұл ауруды ВИЧ — адамның иммундық тапшылық қоздырғышы (АИТҚ) тудырады. АИТҚ  аурудың қандай да бір белгілері білінгенге дейін, адам ағзасында жылдар бойы тіршілік ете жүріп, басқа адамдарға да жұғуы мүмкін.  АИТҚ ең алдымен адам ағзасының қорғаныштық тетіктерін зақымдап, оларды аурулар мен инфекцияларға қарсы тұра алмастай дәрменсіз етеді. Бұндай аурулар мен инфекциялар АИТҚ жұқтырған аурулар үшін өлім есігін ашады.

АИТҚ иммунитеттің ең маңызды жасушаларын өлтіреді. Бұл өте ақырын жүреді, бара-бара кез келген аурумен иммундық жүйе күресе алмайтын дәрежеге жетеді. СПИД о бастан-ақ денсаулығы әлсіз адамдарда тез ұлғая бастайды. Бұған шылым шегу, алкоголь, есірткі, дұрыс тамақтанбау және беймазалық күй де кері әсер етеді.

Бұл өте маңызды! АИТҚ  жұқтырған адамдар жылдар бойы өздерін дені сау адамдардай сезінеді және сыртқа да солай көрінеді, олар жылдар бойы осы ауруды жұқтырғанынан бейхабар жүруі де мүмкін. Бірақ жыл өткен сайын алғашқы белгілері біліне бастайды. Салмағы күрт төмендеп, үлкен дәрет созылмалы сұйық түрде кететін болып, әлсіздік белең алады, қоздырғыштар мен бактериялар тудыратын аурулар жиілей бастайды. Бірнеше жылдан, бәлкім айдан соң, СПИД өзінің бар екендігінен толықтай хабар береді: ауыр жұқпалы аурулар, ісіктер, орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы біліне бастайды.

АИТҚ мынадай жолдармен:

1. Қан арқылы:

-    АИТҚ жұқтырған донордың мүшесін я болмаса тіндерін салдыру кезінде немесе қан құю кезінде;

-    есірткіні тамырға салу үшін ине мен шприцтерді бірлесе пайдалану кезінде;

-    медициналық амалдарды стерильденбеген құрал-жабдықтармен атқарған кезде;

-    татуаж және пирсинг аспаптарын стерильденбеген күйде бірлесе пайдаланған кезде жұғады.

Біреудің қырыну заттары мен тіс шеткаларын да пайдалану арқылы жұғуы мүмкін.

2. Жыныс жолдары арқылы.

3. Екіқабат, туу  және емшек сүтімен тамақтандыру кезінде жұғады. АИТҚ жұқтырған анадан екіқабат, туу кезінде және емшек сүті арқылы емізген кезде балаға жұғады.

 АИТҚ-ны жұқтырып алмас үшін не істеу керек?

-    қандай да бір қаннан бойыңызды аулақ ұстаңыз;

-    есірткіге, оның ішінде, СПИД жұқтыру қаупі жоғары тамыр арқылы егетін түрлеріне жоламаңыз;

-    некесіз, бейәдеп, кездейсоқ кез-келген жыныстық қатынастан аулақ болыңыз.

Сізге АИТҚ-ны жұқтыру қаупі ғана емес, жыныстық жолмен жұғатын инфекцияларды (ЖЖЖИ) да жұқтыру қаупі бар, егер: 

-    некесіз, бейәдеп, кездейсоқ кез келген жыныстық қатынастан бас тартыңыз. Серіліктен сақтаныңыз.

-    Сіз немесе Сіздің серігіңіз ЖЖЖИ (сифилис, соз, хламидиоз, АИТҚ) жұқтырған болса.

-    тамырға салатын екпе дәрілер үшін болса да, бөтен біреудің шприц немесе инелерін пайдаландыңыз ба? Бөтен адамның өңделмеген, тазартылмаған шприцінде АИТҚ және басқалары болуы мүмкін.

Сізде АИТҚ-ның бар-жоғын білудің бір ғана жолы бар, ол сараптама жасату. Арнайы жасалған сараптама нәтижесінде ғана тек дәрігер адамның АИТҚ жұқтырғанын анықтай алады. Елімізде 22 аймақтық және бір Республикалық СПИД-ке қарсы күрес және оның алдын алу орталығы жұмыс істейді (мекен жайы мен телефондарын анықтамадан сұрап білуге болады). Бұл орталықтардың бәріне АИТҚ инфекциясы бар-жоғын анықтау үшін сараптама жасатуға болады. Дәрігерлер сіздің күретамырыңыздан қан алып, онда АИТҚ-ның антителасы бар жоғын тексереді. Қанды алмас бұрын және нәтижелерін хабарламас бұрын олар сізге сараптама нәтижелерінің оң және кері  нәтижесі жайлы мағлұмат беріп, сұрақтарыңызға жауап беруі тиіс. АИТҚ-ға сараптаманы өз тегіңізді айтып, немесе жасырын түрде тегін жасатуыңызға болады.  Сараптама нәтижесі медициналық құпия болып есептеледі және оны жария еткені үшін медицина қызметкері заң алдында жауапкершілікте болады. Сіздің сараптамаңыздың қорытындысын тұрғылықты жеріңізге, жұмысыңызға немесе оқу орныңызға жария етуге олардың құқы жоқ.

АИТҚ да, СПИД те әзірге толықтай жазылып кетпейді, алайда күн сайын әлемде әлдеқайда  тиімді, өмірді ұзартып, денсаулықты сақтауға көмек беретін дәрі-дәрмектер пайда болуда.

Ең бастысы, Сіздің қандай әлеуметтік топқа жататыныңыз я болмаса кімдермен араласатыныңыз емес, өзіңіз үшін қандай жолды таңдап алатыныңыз маңызды екенін естен шығармаңыз!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер