Түркістан: Түлкібастықтар өз үздіктерін таңдады

Screenshot_4.jpg

Бүгін Түлкібас ауданында ерекше сайлау өтті. Ретімен баяндасақ, биыл  Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Назарбаев  «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты  партияны жаңғырту бағдарламасын ұсынған болатын. Бағдарлама аясында партия қатарына отаншыл, елге жанашыр азаматтар тартылсын деген талап қойылды. Сол міндетке сәйкес, Түркістан облысының Түлкібас ауданында «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне үміткерлерді іріктеу жүргізілді.  28 қазанда басталған пилоттық жоба 16 қарашада түйінделді. 

Еліміз бойынша пилоттық жоба ретінде  алғаш рет өткізілген бастаманың ұйымдастыру жұмыстары жоспарға сай, кезең-кезеңімен атқарылды.    «Nur Otan» партиясының Түлкібас ауданындық филиалына қарасты 23 бастауыш партия ұйымның мүшелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кандидаттар ашық және әділетті түрде  тіркелді. Іріктеу жұмыстары партияның  орталық аппараты бекіткен нұсаулыққа сай атқарылып, үміткерлер бастауыш партия ұйымдарына таныстырылды. Жобаны жүзеге асыруда «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы мен Түлкібас аудандық филиалы және Түлкібас ауданы әкімдігі жемісті жұмыс атқарды. 

Screenshot_5.jpg

28 қазан мен 4 қараша аралығында партиялық  кадрлық  резервіне іріктеу жұмыстары жүргізілді.  100 үміткер тіркелді. Оның ішінде 60 ер, 40 әйел бақ сынауды жөн көрген. Жас ерекшеліктеріне орай тіркелген үміткерлер арасында  35 жасқа дейін 21 адам, 35-50 жас аралығында 38 адам, 50 жастан жоғары 41 адам, сондай-ақ 7 көпбалалы ана да өзін ұсынған. Қорытынды дебаттар мен дауыс беру кезеңіне 96 үміткер өтті. Оның ішінде  ұстаздар мен белсенді жастар және өзге де тұрғындар бақ сынады.   

    Пилоттық жоба бойынша 5-15 қараша аралығында екінші кезеңдегі үгіт-насихат жұмыстары өтті. Тіркелген кандидаттар  өздерінің бағдарламалары мен ұсыныстарын таныстыру үшін ауданның әр ауылында болып, партия мүшелерімен кездесулер мен дебатттар өткізді. Сонымен қатар әлеуметтік желілер мен жергілікті газеттерде үміткерлердің өмірдерегі мен бағдарламалары жарияланды. Үміткерлер ауданның өзекті мәселелерін жақсы білетіндерін аңғартты. Инфрақұрылымды дамыту, жұмыссыздықты азайту, жастарға жағдай жасау, туризм мен спортты дамыту және өзге де түйткілдерді қозғап, шешу жолдарын ұсынды.

Screenshot_6.jpg

    Тіркелген үміткерлерге дауыс беру 16 қарашада  ауданның 15 аумағында ашық және еркін түрде өткізілді. Тұрғындардың белсенділігі жоғары болды. Аудандағы «Nur Otan» партиясының 6 мыңнан астам және "Jas Otan" жастар қанатының бір мыңнан астам мүшесі, жалпы 7 мыңнан астам тұрғын таңдауларын жасады. Өз ауылдарынан шыққан жаңа көшбасшыларды таныған түлкібастықтар билік тармағына азаматтар осылай таңдалғаны жөн екенін айтты.   Пилоттық жоба  арқылы ауданның белсенді азаматтары бір арнаға топтасып, «Nur Otan» партиясының бұл бастамасына ризашылықтарын білдірді. 

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер