Ташкентте "Шымкент – шырайлы шаһарым" атты мәдениет күндері өтті

Screenshot_2.jpg

Өзбекстан астанасы Ташкентте Қазақстанның Өзбекстандағы жылы аясында «Шымкент – шырайлы шаһарым!» атты мәдениет күндері өтуде, деп хабарлайды Шымкент келбеті.  

Аталған мәдени іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай бастап барған делегация құрамында қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева, Әселхан Қалыбекова, Аманхан Әлім, Қасымхан Бегман, Бекжан Әшірбаев, Көпен Әмірбек сынды қаламгерлер, Шахизада, Заттыбек Көпбосынұлы, Ақжол Мейірбеков секілді өнерпаздар мен Маржан Есжанова, Калима Оралова, Ақмарал Леубаева сияқты айтыскер ақындар және БАҚ өкілдері болды. Сондай-ақ, салтанатты жиынды өнер қайраткері Қалдыбек Құрманәлі жүргізіп отырды. Ал, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай жиынның ашылуында құттықтау сөз сөйлеп, осынау іс-шараның екі мемлекет халқын жақындастыру тұрғысынан алғанда аса маңызды екеніне тоқталды. Сонымен қатар, Қайрат Ырзақұлұлы өз сөзінде бауырлас екі елді ортақ тарихи тағдыр, туыстас тіліміз, дініміз бен мәдени құндылықтарымыз біріктіретінін атап өтіп, жиналған қауымға Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов мырзаның жылы лебізін жеткізді. 

Одан бөлек, іс-шара аясында елімізге танымал ақындар мен жазушылар, өнер қайраткерлері Ташкент кітапханасында ұйымдастырылған мерекелік жиынға қатысып, екі елдің достығы дәріптелді. Онда қатысушылар тәуелсіз Қазақ елінің өткені мен бүгінін айғақтайтын кітап көрмесін аралап көрді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді
  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер