Түркістандық оқушылар «Адал ұрпақ» республикалық форумында марапатталды

Screenshot_7.jpg

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен Елбасы кітапханасында ҚР Тұңғыш Президенті күніне, халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес, Жастар жылының жабылуына орайластырып «Sanaly urpaq» жобасы аясында «Adal urpaq» үздік клубтарының «Әділ, адал ұрпақ – жастар жылында!»атты республикалық форумы өтті.

Форумға Түркістан қаласындағы Абай атындағы №31 жалпы орта мектебінің ерікті «Адал ұрпақ» клуб мүшелері және Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қарамағындағы Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері қатысты.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен Форумда Түркістандық еріктілерді Адал ұрпақ жобасын жоғары деңгейде жүзеге асырудағы белсенділігімен ынта жігері үшін Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Абайұлы Бектенов «Алғыс хатпен» марапаттады.

Сонымен қатар, облысымыздың еріктілері Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кітапханасындағы көрмермен танысып, ҚР Ұлттық музейіне әскери патриоттық орталығына саяхат жасады.

Елбасының елге сіңірген еңбектерімен танысып, өмір жолында адал болу керектігін ұғына отырып «Арман! Еңбек! Сенім!» ұғымдары қатар жүрсе мол жетістікке жететіндігіне көздері жетіп, елге үлкен сеніммен, мақтанышпен оралды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа заң: ҚМДБ бетті толық жабуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
  • Қазақстаннан Қытайға 1500 киікті беру процесі қалай іске асады
  • Елімізде барлық пойызға бейнекамера орнатылмақ
  • Ауылдардағы интернет сапасын жақсарту: Халықаралық қайта құру банкінен қаржы тартылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер