«Turkistan» автобекетінде көк байрақ желбіреді

Screenshot_4.jpg

Бүгін Түркістан қаласындағы «Turkistan» автобекетінде 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай «Nur Otan» партиясы және автобекеттің басшылығының қолдауымен «Менің туым, менің Отаным!» атты патриоттық акциясы жалғасын тапты. Жаңадан ашылған автобекеттің алдына тутұғырға көк байрағымыз салтанатты түрде орнатылып, желбіреді. 

Патриоттық акцияның негізгі мақсаты – мемлекеттік туды тұрақты түрде қоғамдық орындарда, туристік нысандарда, сауда және ойын-сауық орталықтарында, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында орналастыру. Бұған дейін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен облыстың аудан, қалаларындағы ғимараттар мен мекемелерге 50-ге жуық ту ілініп үлгерді. Аталған бастаманы жұрт қызу қолдап жатыр. 

Мерекелік жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пен облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев жұртшылықты ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, Елбасының елді дамыту жолындағы еңбегіне тоқталды. Облыста қолдауға ие болған «Менің туым, менің Отаным!» акциясының маңызы зор екенін айтты. 

Акцияға қатысушылар арасында Түркістан облыстық мәслихат депутаттары, «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері, Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімі, мәдениет бөлімі, Түркістан қаласында орналасқан орта арнаулы оқу орындарының белсенді жастары да болды. Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, өлеңдер оқылды. 

Бұл акцияны ұйымдастырған партия филиалының өкілдері көпшілікке мемлекеттік рәміздерді дәріптеуге арналған бастамаға қолдау көрсетуге шақырды. 

Енді Түркістан қаласына келген қонақтарды заман талабына сай автобекеттің алдында желбіреп тұрған еліміздің көк туы қарсы алады. 

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Қазақстанда күн күрт суытып, үсік жүреді
  • Салық кодексі. Temu, Pinduoduo секілді шетелдік маркетплейстерге талап күшейтілмек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер