Түркістанда көпсалалы аурухананың капсуласы салынды

Screenshot_2.jpg

Түркістан қаласында бой көтергелі отырған облыстық 630 орындық көпсалалы аурухананың капсуласын қалауға ҚР Премьер–Министрі Асқар Мамин, еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов арнайы қатысты. Жобаны 2022 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «YDA Holding» түрік инвесторы жүзеге асыратын болады. Нысанның құны - 100 млрд теңгеге жуық, 350 дәрігерді қоса алғанда, медицина персоналы үшін 1700-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады. 

Screenshot_3.jpg

Жалпы аумағы 16 гектар жерді алатын көпсалалы ауруханада диагностикалық кеңес көрсетуден бастап нейрохирургия, урология, жарақат, қатерлі ісік аурулары сынды медициналық көмек көрсететін бөлімдер жұмыс істейді. Барлығы да сапалы медициналық қызмет көрсетілуі үшін заманауи медициналық құрал жабдықтармен толық қамтылатын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Депутаттар қоғамдық марапаттарды заңмен реттеуді ұсынды
  • Графикалық интерфейс элементтерін құру
  • Су үнемдеген шаруаларға субсидия 80% дейін артады
  • Қазақстанда мұнайдың алты жаңа кен орны анықталды
  • ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ӨРКЕНДЕТУ – БАСТЫ НАЗАРДАҒЫ МӘСЕЛЕ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер