Е. Айтаханов: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қоғам болып атсалысуымыз керек»

Сыбайлас жемқорлық мемлекетіміздің қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қоғамның қауіпті дерті. Қазіргі таңда маңызды мәселеге айналған бұл іске қарсы бірнеше жобалар мен іс-шаралар атқарылуда.

Screenshot_19.jpg

Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда қоғамның рөлі зор. Бұл туралы Шымкет қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырысымен өткен «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: қоғаммен байланыс» атты форумда айтты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қоғам болып атсалысуымыз керек», - дейді Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов

«Шара барысында «Қоғамдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында үшінші мегаполис мерзімді басылымдар журналистері арасында өткізілген үздік журналистік жұмыстар  мен бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын анықтап, құттықтады. Сондай-ақ, ЖОО-ы студенттері арасында өткен пікірсайыс, эссе байқауларының, колледж аралық брейн-ринг сайыстарының үздіктерін анықтап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында белсенді атсалысып жүрген азаматтарды марапаттады.

9- желтоқсан «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған концерттік бағдарлама көрсетіледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер