Қарағандылықтарды келе жатқан Жаңа жылмен облыс әкімі Жеңіс Қасымбек құттықтады.
«Мен осы кеште барлықтарыңызды қарсы алып тұрғаныма қуаныштымын. Біз бала кезімізден Жаңа жылды жақсы көреміз, бұл мерекеден ғажайыптар, жаңа жеңістер, жаңа қуаныш күтеміз. Өткен 2019 жыл біздің облыс үшін жақсы болды. Көп жұмыстар атқарылды, бірақ алда әлі де көп міндеттер тұр. Баршаңызға мықты денсаулық, бақыт, отбасыларыңыз, облысымыз өркендей беруін тілеймін», - деді Жеңіс Қасымбек. Өңір басшысы шыршаны дарынды балалармен бірге жақты. Бұл марапатқа №92 гимназияның оқушысы, зияткерлік және ғылыми байқаулардың жүлдегері және жеңімпазы Айзере Жағыпар және №93 гимназияның оқушысы, «Инфоурок» Халықаралық олимпиадасының, Республикалық экочелленджінің жеңімпазы Назар Мұсаперов ие болды.
Сонымен қатар Тәуелсіздік алаңында және субұрқақтар каскадында жаңа жылдық иллюминация іске қосылды. Шара соңында жиналған қауым мерекелік отшашуды тамашалады. Пиротехникалық шоу үш минутқа созылды. Отшашудың жарқын шырақтары 47 метрлік стелладан асып, әсем өрнектертеге айналды.
Қарағандының 18 метрлік басты шыршасы шарлармен, 450 метрлік гирляндылармен және жарқыраған аяз аталардың бейнесімен безендірілген. Оны құру үшін екі газель жасанды бұтақтар қажет болды.
Қалалық мереке көңілді би кешіне ұласты. Сахнада көркемқнерпаздар
ұжымы өнер көрсетті. Өткен жылдың нышаны Доңыз эстафетаны келесі жылдың
белгісі Тышқанға табыс етті.
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/