Назарбаева "Күнделіктің" жұмысын кімдер шектеп отырғанын айтты

Назарбаева "Күнделіктің" жұмысын кімдер шектеп отырғанын айтты

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева "Күнделік" электронды күнделігі сервисіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайдыSputnik Қазақстан сенаттың сайтына сілтеме жасап.

Сенат бюросының отырысында Дариға Назарбаева білім беру, денсаулық сақтау жүйелерін цифрландыру мен ауылдардағы интернет мәселелерін шешуді тапсырды. Оның айтуынша, қазір аймақтарда интернет жоқ және ол мұғалімдер жүктемесін ұлғайтады деген сылтаумен "Күнделік" электронды күнделігі сервисінің жұмысы шектеле бастаған.

"Әрбір жекелеген жағдайдың шешімін іздестіру керек. Әкімдіктер мен жергілікті білім басқармаларына электронды күнделік неге тиімсіз? Өйткені ол барлық білім беру, тестілеу, сабаққа қатысу, сабақ өткізу жүйесін ашық көрсетеді", - деді Назарбаева.

Төрағаның пікірінше, "Күнделік" барлық сабақтың болатынын әлде қағазда ғана қалатынын анықтап береді.

"Бүгінгі күні электронды күнделік оқушылардың үлгерім деңгейін, мұғалімдердің өздерінің дайындығын – осының бәрін көрсетіп отыр. Бұл оларға тиімсіз", - деді ол.

Сенат төрағасы сондай-ақ ауылдық нысандарға, оның ішінде әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне жоғары жылдамдықтағы интернет жүргізу үшін әкімдіктерге бөлінген қаражаттың қалай игерілгенін тексеру қажет деді.

"Менің ойымша, депутаттар аймақ басшылары сирек баратын ең шалғай елді мекендерде болу керек. Осы сапар кезінде депутаттардың негізгі мақсаты азаматтардың өзекті мәселелерін шешу болуы тиіс", - деді жоғарғы палата басшысы.
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

                                   


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Алматы Су» кәсіпорнының лауазымды қызметкері 5 жылға сотталды
  • Қазақстанда пәтер құны жоғарылаған қалалар аталды
  • Бір мезетте 500 келін сәлем салды
  • Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мәлімдеме жасады
  • Джеки Чан Қазақстанда кино түсірмек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер