Бәйдібек ауданында балалар суициді 200 пайызға жетті

suicid.jpg

Жасөспірімдер арасындағы суицид Сайрамда – 27 пайызға, Түлкібаста – 50 пайызға, Бәйдібекте 200 пайызға жетті. Бұл туралы бүгін облыстық прокуратураның бастамасымен ұйымдастырылған «Бала қауіпсіздігі және білім саласындағы тәуекелдер» тақырыбындағы І ашық форумында облыс прокурорының бірінші орынбасары Артықбек Пашаев айтты.

– Жалпы кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық жағдайы жақсарғанымен, осы санаттағы қылмыстар саны артқан аумақтар бар. Мысалы, жасөспірімдермен жасалған құқық бұзушылық Түркістанда – 66 пайызға, Кентауда – 74 пайызға, Бәйдібекте 60 пайызға артса, оларға қарсы жасалған қылмыстар Арыста – 80 пайызға, Түлкібаста – 71 пайызға, Отырарда 66 пайызға артқан. Ал, жасөспірімдер арасындағы суицид Сайрамда – 27 пайызға, Түлкібаста – 50 пайызға, Бәйдібекте 200 пайызға артуда, – деді прокурордың бірінші орынбасары.

Өңірдің білім саласына жауапты басшылар мен құқық қорғау органдары қызметкерлері жиылған алқалы форум облыс әкімі Ө.Шөкеевтің қатысуымен өтті. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РАБОТА ЕСТЬ: КОЛИЧЕСТВО ВАКАНСИЙ В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТ РАСТИ
  • Ситуация с размещением пациентов в инфекционной больнице Шымкента полностью урегулирована
  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер