ТҮРКІСТАН: ЖАС ШАЙЫРЛАР ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚТЫ ЖЫРҒА ҚОСТЫ

index.jpg
Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Отырар ауданының жастары арасында «Ақынның қаламы - адалдық алаңы» атты облыстық жас ақындар айтысы өтті.

Талай тау тұлғалар мен   сөз зергерлерін тудырған   Отырар топырағындағы жас өскіндер айтысында 10 өрен бақ сынады.  

Қазақтың қара сөзі ұйқаспен өрілетін өнегелі шараға ҚР жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Арман Бердалин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғанижан Асанұлы, аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш арнайы қатысты.

Сөзден маржан терген суырып салма жас ақындарға айтыс өнерінің ақтангері Әселхан Қалыбекова бастаған әділ қазылар алқасы төрелік етті.

Ауданымыздың шежірелі тарихы мен тұлғалы перзенттерін жырға қосқан жас шайырлардың  өнері көрермендердің көңілінен шығып, көпшілікке терең ой салды.


Айтыс қорытындысы бойынша бас жүлдеге Шымкенттік Нұртілеу Төленбек  ие болса,  бірінші орын жергілікті жас ақын  Сұлтан Сәуірханға  бұйырды.  Екінші орынға  Болат Тәңірберді мен Болысбек Даниал қол жеткізсе, үздік үштіктен Есмырза Ахмет пен Расул Баянбай көрінді.

Шара соңында ұлылар отаны атанған Отырарды жырға қосып, көне тарих беттерінен жас та болса күмбірлете сыр шерткен барлық қатысушы ақындарға ынталандыру сыйлығы табысталды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Қазақы тазы» тұқымына арналған аңшылық сынақтар өтті
  • Cостоялись охотничьи испытания для национальной породы «Казахский тазы»
  • Президент Қазақстанның АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады
  • Мемлекет басшысы «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты
  • Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлес
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер