Қытайда әлемдік турнир өткізілмейтін болды

nehybh.jpg

 Осы жылы наурыз айында Қытайда өткізілуі тиіс болған жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионаты келесі жылға қалдырылды. Бұл туралы Халықаралық федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.

 13-15 наурызға белгіленген турнир Нанкинде өтуі тиіс еді. Алайда, коронавирусқа байланысты Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы турнирді басқа елге ауыстырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Өйткені бұл өзгеріс ұзақ уақытты алуы мүмкін.

 - Біз жарысты басқа елде өткізу мүмкіндігін қарастырдық. Осы ретте чемпионатты қабылдауға ерікті түрде қатысқан қалаларға алғыс білдіреміз. Алайда вирустың Қытайдан тыс жерде таралуы туралы алаңдаушылық білдіре отырып, біз бұл ұсыныстан бас тарту туралы шешім қабылдадық. Өйткені бұл ұзақ уақытқа созылуы мүмкін, - делінген хабарламада.

 Еске сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда коронавирустан зардап шеккендер саны 170-ке жетті. 7771 адам жұқтырған деп тіркелді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Самұрық-Қазына басшысы 650 қызметкердің қысқартылатынын айтты
  • Қытайлық компаниялар Қазақстанның бірнеше қаласында қонақүйлер мен ойын-сауық кешенін салмақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер