Қордайлықтарға ерікті түрде жәрдем берушілер көбейіп жатыр

Жамбыл облысы Қордай ауданында мұқтаж жандарға азық-түлік, дәрі-дәрмектер келіп жетті.  Бүгіннен бастап мектеп, балабақшалар қайта жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24» сайтына сілтеме жасаған rgmedia.kz

image.png

Арна тілшісінің мәліметінше құқық қорғау органдары, Ұлттық ұлан сарбаздары, төтенше жағдай саласының қызметкерлері тыныштықты күзетіп шыққан. Бір сөзбен айтқанда, жағдай тұрақты. Сондай-ақ, өткен түні Сортөбе ауылына алғашқы гуманитарлық көмек келіп жетті. 5 тонна ұн, 1,5 май, 2 тонна қант, 2 тонна күріш, балаларға жаялық, жылы киімдер, 10 мың дана дәрі-дәрмек Жамбыл ауданынан жіберілген.

Бұл заттарды Жалпақтөбе ауылының тұрғындары жәрдем, демеу болсын деп ерікті түрде жинапты. Жеткізілген заттар штабқа түсірілді. Енді шетінен қажет болған жағдайда көмекке мұқтаж жандарға тарату шаралары ұйымдастырылады. Бүгін кешке дейін тұрғындар тарапынан қосымша тағы 10 тоннадай азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар жеткізіледі деп күтіліп отыр. Жалпы бүгін мектеп, балабақшалар жұмыс істей бастайды. Кеше білім ошақтары мен мектепке дейінгі білім беру мекемелері әзірленіп, балаларды қабылдауға дайын тұр. Қазір аудандық білім бөлімінің мамандары мектептерді аралап, жағдайды көріп, бағамдап қайтпақ.

Жергілікті мұғалімдер күнделікті жұмысқа шығып, оқушылар оқу бағдарламасын жалғастырады. Сонымен қатар зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік-гуманитарлық көмек беру шаралары да басталды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Қазақстанда күн күрт суытып, үсік жүреді
  • Салық кодексі. Temu, Pinduoduo секілді шетелдік маркетплейстерге талап күшейтілмек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер