«Jas otan» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы сайланды

83799812_1300312240178346_8520076579563372544_n.jpg

Бүгін Түркістанда «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының ІІ конференциясы өтті. Конференцияны «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жүргізіп отырды. Жастардың қоғамның қозғаушы күш екеніне тоқталған Б.Дәулетұлы облыстың түкпір-түкпірінен келген өрендерге, жастар ұйымдарының өкілдеріне бірлесіп жұмыс істеу керек екенін айтты. Партия филиалы жастардың идеяларын әрдайым қолдайтынын жеткізді.

Сондай-ақ Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов жастар саясатын жандандыру бағытындағы ойларын ортаға салды.

Конференцияда күн тәртібіне сай «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының бұрынғы төрайымы Жұлдыз Намаз атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.

84113557_1300312320178338_8984731473361764352_n.jpg

Жарыссөзге шыққан облыстық қоғамдық даму басқармасының "Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі басшысының міндетін уақытша атқарушы Амалбек Өміртай мен Ордабасы ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Әсел Баймаханова маңызды пікірлерін бөлісті.

Жиында «Jas Otan» ЖҚ Түркістан облыстық филиалының төрағасы сайланды. Төраға болып жұмысқа кіріскен Жансерік Жұман Бауыржанұлына еріктілер жылын мазмұнды бастамалармен өрнектеп, жастардың сенімін ақтау міндеті жүктелді.

Облыстың аудан, қалаларынан келген жастар жаңа төрағаға сәттілік тілеп, бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ–қырғыз шекарасындағы өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істеуге көшті
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА СЫР ӨҢІРІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ
  • Мемлекет басшысы Вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер