Әлия Назарбаева желіде анасына әсерлі жазба арнады

Әлия Назарбаева өзінің Instagram әлеметтік желісінде анасы туралы әсерлі жазба қалдырды. Анасын туған күнімен құттықтаған ол Елбасы мен Сара Алпысқызының сирек кездесетін суретін жариялады, деп хабарлайды rgmedia.kz сайты.

84140709_192360608538080_5298511472595332030_n.jpg

Instagram-дағы жазбасында Әлия Назарбаева анасы Сара Алпысқызы : "Қаншалықты көп махаббат берсеңіз, соншасы өзіңізге қайтып келеді" деген сөзін қолданған. 

"Туған күніңізбен, анашым! Махаббат пен даналығыңыз үшін рақмет!", - деп жазды ол сөз соңында.

Жазба Сара Алпысқызы мен Елбасының көп кездесе бермейтін суретімен бірге жарияланған. Небәрі бір сағатта Назарбаеваның жазбасы 4,5 мың лүпіл жинаған.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Сара Алпысқызы Назарбаева 79 жасқа толды. Ол Қарағанды маңындағы кішігірім ауылда дүниге келді.

Сара Алпысқызы 1962 жылы оқуын тәмамдай сала еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы атанып, үш қызды тәрбиелеп өсірді.

Сара Алпысқызы елде қайырымдылық қызметімен де танымал. Ол 1992 жылы "Бөбек" қорын құрды, 1994 жылы "SOS - Қазақстанның балалар ауылы" қорын басқарды, ал бес жылдан кейін "Демография" қорының қамқоршылық кеңесінің төрайымы болды.

Сонымен қатар, ол адамгершілік-рухани құндылықтарды жаңғыртуға, сондай-ақ балаларды үйлесімде өмір сүруге үйретуге бағытталған "Өзін-өзі тану" курсын білім беру жүйесіне енгізудің бастамашысы және авторы болды.

Айта кетейік, Әлия Назарбаева бұған дейін анасымен және әпкелерімен түскен мұрағаттағы суретті көрсеткен болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 2026 жылы инфляция 10 пайыздан төмен болады — Ұлттық экономика министрі
  • Қазақстандық әнші «Славян базары» байқауында Гран-при иеленді
  • Алакөл жағалауындағы кемшіліктер анықталып, нақты тапсырмалар берілді
  • Алматы қаласы өңірлер арасында сыртқы сауда көлемі бойынша абсолют көшбасшы атанды
  • ​Смена поколений в теннисе: готовы ли новые звёзды перехватить все "Шлемы" у ветеранов
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер