Теріскей - өркендеген, өрісті өлкеге айналып келеді

Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов аудан тұрғындары алдындағы есеп беру жиынын өткізді. 

86259993_899869150451072_5297674149085315072_o.jpg

Аудандық мәслихаттың депутаттары мен жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық округ әкімдері мен ардагерлер кеңесі қатысқан жиында бір жыл көлемінде атқарылған жұмыстар жайы талқыланды. Аудан әкімінің өткен жылы теріскей өңірінде атқарған жұмыстары бейнероликпен көрсетілді. 2020 жылы ауданымызда атқарылатын жұмыстармен міндеттер жөнінде хабарлама жасап, басым бағыттарды баяндады. 

Алпыс мыңнан астам халық тұратын теріскей өркендеген өңір өрісті өлкеге айналып келеді. Инвестиция тарту еліміздегі аса маңызды сала десек.  Аудан экономикасына 2019 жылы 51 млрд. 262 млн. теңге инвестиция тартылып, 2018 жылмен салыстырғанда 125,4 пайызға артығымен орындалған. 

Жылдың қорытындысымен  жергілікті бюджетке 6 млрд. 478 млн. 7 мың теңге қаржы түсті. Аудан бойынша 313 млрд. 381 млн. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, өткен 2018 жылмен салыстырғанда 127,8% немесе 68  млрд. 197 млн. теңгеге артып отыр. Ауыл шаруашылық саласында жалпы өнім көлемі 13 млрд. 58 млн. теңгені құрады. Мемлекеттік «Алтын асық», «Құлан», «Сыбаға» бағдарламасы толықтай орындалды.  Мүйізді ірі қара мал саны да арытқан. Аудан көлемінде 2019 жылы 426 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 3 331-ге жетті. Кәсіпкерлік саласында 2019 жылы 16 млрд. 470 млн. теңгенін өнімі өндіріліп, өткен 2018 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 109,5% өскен. Жобаларды қаржыландыру бойынша 93 жобаға  338,8 млн. теңге несие берілді. 

Қазіргі таңда жалпы құны 951,6 млн.тг құрайтын 5 жоба жүзге асырылды. Іске асырылған жобалардың барлығы ауданның «Индустриалды аймағында» орналасқан.

Сондай-ақ, Шолаққорған ауылынан 120 га жобалық құны 50 млн. АҚШ долларын құрайтын «ЮКСЭС-50» ЖШС-нің күн электр станциясын салу құрылысы алдағы айда аяқталады. Құрылыс кезінде 200 жуық уақытша жұмыс орны ашылды. Күн электр станциясы іске қосылғанда 30 тұрақты жұмыс орны ашылатын болады. Құрылыс саласы да қарқын алып, жергілікті бюджет қаржысы есебінен Балдысу елді мекеніндегі 100 орындық орта мектеп, Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектеп қазандығының, ауласындағы әжетхана және қоймасы, Асқар Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебіне 300 орындық қосымша ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 

Шолаққорған ауылындағы «Астана» мөлтек ауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылыстарының жобалары өз салалары бойынша қаржыландыру үшін облыстық басқармаға тапсырылды.

Алдағы уақытта Сұлтанбек Қожанов атындағы тарихи-аймақтық мұражай ғимаратының және Шолаққорған ауылындағы Ту тұғыры нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. 

86488178_899463113825009_2968017457475747840_o.jpg

2019 жылы ауданға тартылатын магистралды газ құбырының құрылысы басталған болатын. Аталған жобаға 2020 жылға 2,6 млрд теңге қаржы қаралып, бүгінгі күні магистралды газ құбыры мен автоматты газ тарату стансасының құрылысы өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Созақтықтар үшін қуанышты жаңалық Шолаққорған ауылының ішкі жүйелерін бастау үшін облыстық бюджеттен 100 млн. теңге қаржы бөлінетін болады.

Аудан орталықтарын көркейту, сәулеттік жағдайын жақсартуға "Ауыл-ел бесігі" жобасын жүзеге асыру үшін ауданымызға 357 млн. 217 мың теңге қаржы бөлініп, 2 саябақ құрылысы және 20 шақырым автомобиль жолдарын асфальттау жүзеге асты.

 Мемлекет басшысы Үкіметке «Ауыл – Ел Бесігі» жобасын жүзеге асыру үшін биыл бөлінген 30 миллиард теңгеге қосымша алдағы үш жыл ішінде 90 миллиард теңге бөлуді тапсырғанын. Биыл ауданымызда "Ауыл - Ел бесігі" бағдарламасына 326 млн. теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл қаржыға Т.Әлімқұлов атындағы №14 интернат-лицейіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізуді, жалпы ұзындығы 2,5 шақырым жолға асфальт төсеу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда аудан бойынша 35 елді мекеннің 23 елді мекенінде орталықтандырылған ауыз су құбырлары жүргізілген. Биылғы жылы Көктөбе, Абай, Қайнар, Шаға елді мекендерінің ауыз сумен жабдықтау жұмыстары аяталды. Сонымен қатар, Раң және Ақсүмбе елді мекендерінің ауыз сумен жабдықтау жұмыстары аяталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде. 

Шолаққорған ауылдық округінің Теріскей мөлтек ауданын тәулігіне 24 сағат сумен қамту мақсатында облыстық бюджеттен 234,6 млн теңге қаржы қаралып, ауыз сумен жабдықтау жұмыстары басталды.

2019 жылы 45 шақырымды құрайтын аудан елді мекендерінің 52 ішкі көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудан бойынша 458 шақырым елді мекендердің ішкі көшелерінің 167 шақырымы асфальт болса, 2019 жылдың қорытындысы бойынша 209 шақырымға артты.

2019 жылы Кешенді жоспарды іске асыру аясында 2486 адамды қамту жоспарланса, нақты 3246 адам қамтылып, жылдық жоспар 116,4 пайызға орындалды. 

Бағдарламаның бірінші бағыты «кәсіби білім беру және кәсіптік оқыту» бойынша - қысқа мерзімдік курстар бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие 196 жұмысшы кадрлар қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспарланған. Өңірлік комиссияның қорытындысына сәйкес 2019 жылы  196 адам 4 оқу орталығына жолданып, 161 адам оқуын аяқтады. Оқуын аяқтағандар қатарынан 121 адам жұмыспен қамтылды. 

Бағдарламаның екінші бағыты «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» шеңберінде жеке ісін ұйымдастыру және кеңейтуге 72 адам 204 млн. теңгеге шағын несиемен қамту жоспарланып,  2019 жылдың қорытындысымен 88 адам 265,6 млн. теңге несиемен қамтылды.

"Бастау-Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 166 адам оқыту жоспарланып, 166 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатасы арқылы жолданып, сертификатпен қамтылды.

Бағдарламаның үшінші бағыты «жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» шеңберінде 2019 жылға 828 жалпы жаңа жұмыс орындары ашылу жоспарланса, 987 жаңа жұмыс орындары ашылды. 

Биылғы жылы білім саласында, Ақсүмбе елді мекеніндегі 100 орындық Сұлтанбек Қожанов атындағы мектептің жаңа ғимараты, Шолаққорған елді мекенінде 300 орындық Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің қосымша жай құрылыстары жұмыстары аяқталады. Нәтижесінде аудандағы мектептер толығымен типтік үлгідегі ғимараттарға көшірілетін болады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында биылғы жылы Ақсүмбе елді мекенінен 20 орындық, Балдысу елді мекенінен 50 орындық және Саржаз елді мекенінен 20 орындық жекеменшік балабақша ашамылады.  Алдағы уақытта Шолаққорған ауылындағы 600 орындық Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің, Тәкен Әлімқұлов атындағы лицей-интернатына 300 орындық қосымша жай, Жыныс ауылындағы Сүгір Әліұлы атындағы орта мектебіне 300 орындық қосымша жай құрылыстарының жобалары өз салалары бойынша қаржыландыру үшін облыстық басқармаларға тапсырылды. 

Биыл алаш ардақтысы Сұлтанбек Қожановтың 125 жылдық мерейтойы аталып өтті. Аудан орталығы Шолаққорғанда  «Ұлтын сүйген ұлы тұлға» тақырыбымен аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция, «Ақсүмбемен Ақсу- Жабағылы арасы» автошеруі өтті. Қайраткердің туған жері Ақсүмбе ауылында мерекелік салтанатты жиын – «Шығыстың Шыңғыс ханы» деген атпен еске алу күні болып, облыс көлемінде түрлі мәдени іс-шаралар өткізілді. 

Шолаққорған жалпы орта мектебіне қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби дипломат Нәзір Төреқұловтың есімі берілді. Аты мен қатар статусы да өзгерген білім ұясының ауласында тұңғыш елшінің бюсті қойылды. 

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев Үкіметке  мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейту жөнінде тапсырма берілген болатын. Ауанымызда мәдениет қызметкерлеріне жағдай жасау үшін Созақ, Қаратау елді мекендеріндегі ауылдық клубтарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, сонымен қатар, Аққолтық, Қарақұр, Тасты елді мекендеріне 75 орындық ауылдық клуб салу үшін жоба құжаттарын әзірленіп отыр. 

Бүгінгі таңда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы тұрғындар аудан халқының 30% құрап отыр. Сондай-ақ, греплинг, гір тасын көтеру спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионында 8 алтын, 2 күміс, 9 қола медаль, Азия чемпионатында 5 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль, Әлем чемпионатында   5 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль иемденді. 

Ауданымызда 2019 жылы 268 қылмыс тіркеліп, өткен 2018 жылмен салыстырғанда 147 қылмысқа азайып отыр. 

Есептік кездесуге қатысқан тұрғындар, аймақ басшысына сауалдарын қойып,  ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді. Жарыссөзге шыққан ауыл тұрғыны Бүркіт Арынбеков, Анарбай Шәдібеков, аудандық мәслихаттың депутаты Берік Тұрғанбаев 2019 жылы аудан аумағында атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алда атқарылатын жұмыстарға сәттілік тіледі. 

84744578_899464003824920_8080159039532564480_o.jpg

Сөзін қорытындылаған аудан әкімі Салыхан Сабырұлы, «Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаев, халыққара арнаған Жолдауында, тың ұсыныстар айтып, жаңа тапсырмалар берді. Біздің алдымызда Жолдауда айтылған маңызды мәселелрді жүзеге асырып, заман талабына сай тиімді мемлекет құту міндеті тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін жүйелі жұмыстар жүргізіледі»,- деді. 

Созақ аудан әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер