Павлодарлық ұстаздар қазақша хоккей ойлап тапты

200214085217070e.jpg

Қазақтың ұлттық қазан ойыны негізінде әзірленген ойын ережелерінің авторлары – Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері, деп хабарлайды RGVEDIA.KZ ақпараттық агенттігі pavlodarnews.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Ойын авторларының бірі – химия-биологиялық бағытындағы НЗМ-нің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Серік Темірғалиевтің айтуынша, QAZ-HOK, яғни қазақша хоккей ережелері әртүрлі тарихи құжаттарды зерттей отырып әзірленді. Спорттық ойынға авторлық куәлігі берілді. 

– Қазақтарда ертеде қорғаныс пен шабуыл тәсілдері пысықталатын қазан ойыны болған, – дейді Серік Темірғалиев. – Әріптес-педагогтар Болат Мұқышев пен Данияр Нұрғалиевпен бірлесе біздер бұл ойынның ережелерін қазіргі заманға лайық етіп өзгерттік. Ойын ережелері Қазақстан Республикасы Ұлттық зияткерлік меншік институтында сараптамадан өтті. Оған сәйкес, бес-бестен бөлінген екі команда допты таяқпен қазанға тигізуі шарт. Осы арқылы ойын допты хоккейге ұқсайды. Доптың диаметрі 7,6 см. 

2002140852352041f.jpg

– Алаңның екі жағындағы 1,8 метрлік шеңбер ортасына 50х40 сантиметрлік көп қырлы «қазан» қойылады, – дейді Серік Темірғалиев. Әрбір команда шабуылға берілген 5 минут ішінде допты қазанға тигізуі керек. Қорғанған команда қазан айналасындағы шеңбер ішіне кірмеуі тиіс. Бес минут аяқталғанда шабуыл құқығы қарсылас командаға беріледі. 

Кез келген спорт түрі тәрізді QAZ-HOK-та да ереже бұзған командаға жаза тағайындалады. Допты аяқпен ойнаған командаға буллит секілді алаң ортасынан еркін соққы бағытталады. Балағат сөз айтқан немесе төреші шешімімен келіспеген ойыншы 2 минутқа алаңнан қуылады.

Серік Темірғалиевтің сөзіне қарағанда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасап шығарылған бұл ойын мектептерде өткізуге ұсынылады. Қазақша хоккей жастарды ептілікке, ұжымда бірлесе қимылдауға үйретеді. 

2002140852352040f.jpg

Назарбаев Зияткерлік мектебінде қала мен облыстың жалпы білім беретін мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдеріне ойын ережелері мен ерекшеліктері таныстырылымы өтті. Алдағы уақытта аталған спорттық ойыннан қала мектептері арасында жарыс өткізу жоспарлануда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ресей ғалымдары коронавирусты емдеудің жаңа тиімді әдісін тапты
  • Шымкентте туристерге арналып навигациялық стелалар орнатылуда
  • В Шымкенте за сутки от коронавирусной инфекции вылечились 181 человек
  • Крупнейший универсальный стрелковый комплекс Азии строится в Шымкенте
  • Число зараженных сокращается
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер