«Қамқорлық» бағдарламасымен 4 отбасы баспаналы болды

дом.jpg

Түркістан облысында «Nur Otan» партиясының бастамасымен  өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды кедейлік деңгейінен шығуға көмектесетін «Қамқорлық» бағдарламасы іске асуда. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ел алдындағы есебінде айтты деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпараттық агенттігінің тілшісі.

– 2020 жылы тек мемлекеттен көрсетілген шаралармен шектелмей Түркістан облысында «Nur Otan» партиясының бастамасымен  өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды кедейлік деңгейінен шығуға ұмтылдыратын «Қамқорлық» бағдарламасы әзірленді. Осы бағдарлама аясында тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және кәсіпкерлік қызметті дамытуға ерекше назар аударылатын болады. Отбасыларды тұрақты табыс көзімен қамтамасыз ету нәтижесінде оларды өмірлік қиын жағдайдан кезең-кезеңмен шығару көзделуде. Аталған бағдарлама аясында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жағдайы тым төмен, кризистік және қанағаттанарлықсыз деңгейде өмір сүріп жатқан 1643 отбасы анықталып, олардың әрқайсысына материалдық көмек пен қажетті кеңес беретін арнайы кураторлар тағайындалды. Қазірдің өзінде бағдарлама басталғалы бері өмірлік қиын жағдайға тап болған 900-дан астам отбасыларға 45 млн. теңгенің демеушілік көмегі көрсетіліп, 4 отбасыға кәсіпкерлер тарапынан үй сатып алынды. Бұдан бөлек, «Қамқорлық» бағдарламасы арқылы жанұя мүшелерін жұмысқа тұрғызу, оқыту және өзге де мәселелері аудан, қала әкімдерінің бақылауында болады, – деді Өмірзақ Естайұлы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шарм-эш-Шейх әуежайындағы трагедияға қатысты соңғы деректер мәлім болды
  • Шерзат Полат ісі: Сот блогерлерге ескерту жасады
  • Қыз алып қашқандардың жазасы қандай? ІІМ жауап берді
  • «Шағадағы» шатақ: Шөкеевтің өз шындығы бар
  • Вице-министр: Дәрігер қателікті әдейі жасамаса жазалауға болмайды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер