Биыл Түркістан облысында заманауи мұнай өңдеу зауыты іске қосылады

f4fd03b6d07c55249c84e233f23420ad.jpg

Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы мұнай өңдеу зауыты Түркістан облысында салынып, биыл іске қосылады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ел алдындағы есебінде айтты деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпараттық агенттігінің тілшісі.

– Ордабасы ауданында мұнай өңдейтін зауыт салынып жатыр. Жылына 2 млн. тонна өнім шығаратын болады. Биыл іске қосылады, – деді Өмірзақ Естайұлы. 

Әкімнің айтуынша, жобалық құны 95 млрд. теңгені құрайтын «Standard Petroleum & Co» ЖШС-нің өндіріс орнында 1000-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Биыл I-ші кезеңі іске қосылады деп жоспарлануда. Бұл зауыт Тәуелсіздік алғалы бері заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған алғашқы мұнай өңдеу зауыты болады. 

Бүгінге дейін Атырауда, Павлодарда және Шымкентте мұнай өңдеу зауыттары жұмыс істеп тұр. Аталған үш зауыт та КСРО кезінде салынып іске қосылған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шерзат Полат ісі: Сот блогерлерге ескерту жасады
  • Қыз алып қашқандардың жазасы қандай? ІІМ жауап берді
  • «Шағадағы» шатақ: Шөкеевтің өз шындығы бар
  • Вице-министр: Дәрігер қателікті әдейі жасамаса жазалауға болмайды
  • Министр: Оңтүстік өңірлерде су тапшылығы болуы мүмкін
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер