Түркістан бұрын бұлай дамымаған

азит.jpg

Түркістанның бұлай өркендеуі Әмір Темірдің Яссауи бабамыздың басына кесене соққан кезде де, Абылай хан Түркістанды Қазақ хандығының астанасы жасаған кезде де болмаған болуы керек. Мұндай пікірді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ел алдындағы есебінде облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы айтты деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігінің тілшісі.

– Біз құлақ естіп көз көрмеген тарихи кезеңнің басталуында тұрмыз. Түркістанның бұлай өркендеуі Әмір Темірдің Яссауи бабамыздың басына кесене соққан кезде де, Абылай хан Түркістанды Қазақ хандығының астанасы жасаған кезде де болмаған болуы керек. Түркістан жыл санап емес, күн санап өсіп келе жатыр. Түркістанның жасарып, жаңғыруының басында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы тұр. Мың жылдан кейін де 3020 жылы Ясауи кесенесін Ақсақ Темір тұрғызған десе, Түркістанды тұңғыш облыс етіп оның орталығын Түркістан жасаған Нұрсұлтан деп айтылады. Түркістан мен Нұрсұлтан қазақ тарихына ажырамайтындай болып енгені дәлелді қажет етпейтін дүние. Сол ұлы бастамалар мен үлкен құрылыстардың басында Өмірзақ Естайұлы тұр. Мен бір шаруашылық басқарған бастықтың біреуімін. Егін шаруашылығын жөндеп жатса, мал шаруашылығы ақсап жататын. 30 жыл бастық болғанда төрт жағы түгел шаруашылық жүргізе алмайды екенмін. Ал, Түркістанда ірі құрылыстар салынып, көшелер кеңейіп жөнделіп, ағаш, гүл егіліп, каналдар бетондалып, жаңадан екі канал қазылып, газ тартылып, қаланың барлық жағына су жүйелерін енгіздіріп, 100-деген жер асты құдықтары қазылып іске қосылуда. Шағын орта бизнес өркендеуде. Осының барлығы бір мезгілде еш жағы ақсамай жүргізілуде. Бұл облыс әкімінің таланты мен іскерлігінің, жұмысты таба білетін қабілетінің, командасын бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмысқа жұмылдыра білгенінің нәтижесі деп білемін, – деді ол.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер