Әлем авиакомпаниялары Қытайға рейстер орындаудан бас тартып жатыр

9061222.jpg

Әлемде 70-ке жуық авиакомпания Қытайға рейстер орындаудан бас тартты. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ) Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ИКАО) сілтеме жасап мәлім етті

«Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) ақпаратына сәйкес, бүгінде коронавирустың өршуіне байланысты әлемнің 70-ке жуық авиакомпаниясы Қытайға сапарларын тоқтатты. Тағы 50-і бұл елге рейстерін қысқартты. Осыған байланысты авиакомпаниялардың шығыны 4-5 млрд доллар шамасында бағалануда. Бұл сомада Қытайға халықаралық әуе жүк тасымалдарын және ішкі әуе тасымалдарын қысқартудың салдары ескерілмеген. Авиатасымалдарды қысқартудан тек Жапонияның өзі туризмнен 1,3 млрд доллар, ал Таиланд 1,2 млрд доллар жоғалтуы мүмкін», - делінген БҰҰ сайтында. 

Мәлім етілгендей, ИКАО коронавирустан келетін зардап 2003 жылы SARS эпидемиясынан болған шығындардан көп болатынына қауіптенеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді
  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер