Түркістан тұрғыны Қайрат Дәлбековке алғыс айтты

акромжон.jpg

Түркістан қаласының тұрғыны Акрамжон Абдуалиев «Жолда қабылдау» республикалық акциясына келіп, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков пен тергеуші Еділ Алтаевқа ризашылығын білдірді. Оның айтуы бойынша облыстық полиция қызметкерлері қылмыстық іске байланысты істі әділ әрі жедел жүргізіп, күдіктілерді дер кезінде ұстаған. Бұл туралы Полиция департментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты азаматтарды қабылдау бөлмелерінде 14-15 ақпан күндері азаннан кешке дейін облыс тұрғындарының өтініштері мен талап-тілектері тыңдалды. Полицейлерге 2 мыңнан астам адам келіп, өздерінің сұрақтарын қойды. Сонымен қатар киелі қаланың өзгеруіне байланысты кейбір жол қиылыстары, бағдаршамдар мен жол белгілеріне байланысты ойларын жеткізді. 

– Акция кезінде азаматтарды қызықтыратын мәселелер кеңінен талқыланды. Олар шетелден әкелінген көлік құралдарын рәсімдеу тәртібімен танысты. Оның ішінде алғыс айтқан азаматтар да болды. Ал кейбір ашылмай жатқан қылмыстар бойынша түскен сауалдар күн тәртібіне қойылды, – дейді Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Абдуғани Сейдуалиев.

Республикалық акция аясында тұрғындарды тікелей өзі қабылдаған полиция полковнигі қойылған сұрақтардың барлығына нақты жауап берді. Сауалдардың басым бөлігі шетелден әкелінген көлік құралдарын тіркеу, оған төленетін кедендік баждар мен көші-қон саласына қатысты болды.
Оған қоса полицейлер азаматтарға көлік құралдарын тіркеу тәртібі мен ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, қажетті кеңестерін берді. Қабылдау кезінде азаматтар көлік айыппұлдарының бар-жоғы және төлемі туралы біле алды.
Тәртіп сақшылары басқа да аумақтағы полиция құрылымдарымен телефон арқылы хабарласып, әрбір тұрғынның мәселесін сол сәтте шешуге тырысты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер