Балалар ойыншықтарының қауіпсіздігі

FoxSale_20180225_13384799.jpg

Әрбір ата-ана үшін бала денсаулығы бәрінен жоғары тұрары түсінікті. Балаға ойыншық таңдау ата-аналардан барынша ұқыптылықты, жауапкершілікті талап ететін жайт. 

Бүгінде әртүрлі ойыншық түрлері көп, оларды өндіретін кәсіпорындар да жетерлік. Көздің жауын алатын ойыншықтың барлығы да көршілес елдерден әкелінеді. Бұл ойыншықтарда маркерлену болмайды және оларды майда көтерме фирмалары мен жеке кәсіпкерлер базарларда сапасы мен қауіпсіздігін растайтын ешбір құжатсыз саудалайды. 

Балалар ойыншықтарының таңбалануында келесі мәліметтер болуы қажет:  атауы, өндіруші елі, жасалған жері, өндірушінің мекен-жайы, импортері, олармен байланысу сымтетігі, өндірушінің тауар белгісі, баланың жас мөлшеріне сәйкес ойыншығы және пиктограммасы, негізгі құрастырғыш материалы (3 жасқа дейінгі балалар үшін) (қажеттілігіне сай); ойыншық күтімі (қажеттілігіне сай); шығарылу күні (айы, жылы); сақтау мерзімі (олардың белгіленуімен); сақталу жолы (қажеттілігіне сай).

Сонымен қатар, оның иісіне, түріне, боялуына мән беру керек. Ойыншықтарда өткір, жағымсыз, бөтен иіс, майысу, үшкір қырлары, қылаулары болмауы керек.   

Осыған байланысты, тұтынушыларға ойыншық сатып аларда арнайы дүкендерден сапалы әрі сәйкестігін растайтын құжаты бар, арнайы тексерістен өткен ойыншықтарды сатып алуға кеңес береміз. 

Ж.Кудаярова,

Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер