Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан мектептеріне «Ортақ түркі тарихы» пәні енгізіледі

thumbs_b_c_6895bf5c89861a2dd259cd9e7756778b.jpg

Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттер басшыларының тапсырмасымен Халықаралық Түркі академиясы әзірлеген «Ортақ түркі тарихы» оқулығы Әзербайжан, Қазақстан және Түркия мектептерінің бағдарламасына енгізіле бастады. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды Халықаралық Түркі академиясының сайтына сілтеме жасап.

Биыл «Ортақ түркі тарихы» пәнін факультатив ретінде Түркияда 30 мың оқушы, Қазақстанда 15 мың оқушы, Әзірбайжанда 10 мың оқушы таңдады.

Оқулық ежелгі дәуірден бастап XV ғасырға дейінгі кезеңді қамтиды. Оқу құралында түркі халықтары құрған мемлекеттердің тарихымен бірге олардың дәстүрлері, мәдениеті және ұлттық ойындардың пайда болу тарихы жан-жақты көрсетілген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза ауыл – таза болашақтың кепілі
  • Балдыбірек каналының арнасы тазаланды
  • МАҚТААРАЛДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Мақта дақылын егу жұмыстары басталды
  • "Құлмұрат Ата" өндірістік кооперативінде маңызды кездесу өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер