Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкімімен, Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі болып Рүстем Дәулет тағайындалды. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі хабарлады Жамбыл облысынің әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа әкімді аудан активіне Б.Сапарбаевтыі өзі таныстырды. Оған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту бойынша бірқатар міндеттер жүктеді. Сонымен қатар, ауданның жаңа басшысына көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысын бақылауға алу, білім беру және медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту, жастар арасында тәрбие жұмысын күшейту тиісті бойынша шаралар қабылдау тапсырды.
Рүстем Рысбайұлы Дәулет 1974 жылы Жамбыл облысында туған. Білімі жоғары, 1996 жылы Жамбыл жоғары кәсіпкерлік мектебін «кәсіпкер-маркетолог», 2003 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік басқару», 2010 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы «Бостандық» акционерлік қоғамында қарапайы жұмысшы болып бастаған. Әр жылдары Талас ауданы Бостандық ауылдық округі әкімінің орынбасары, әкімі, Қаратау қаласы әкімінің орынбасары, Парламент Сенаты аппаратының кеңесшісі, Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитетінің басқарма басшысы, «ALIT» ЖШС бас директорының орынбасары, Парламент Сенаты төрағасы орынбасарының көмекшісі, Парламент Сенаты депутатының көмекшісі, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл және Шу аудандарының әкімі, Тараз қаласының әкімі қызметтерін атқарған.
2018 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі, 2019 жылғы сәуірден бастап Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келді.