Ынтымақтастық меморандумы түзілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылды "Волонтерлар жылы" деп жариялауы және Шымкент қаласының ТМД елдерінің мәдени астанасы аталуы биылғы жылдың ең басты жаңалығы. Шымкент қаласында жылдың басты оқиғасына айналған аталмыш шаралардың шеңберінде халықаралық 34 іс-шара ұйымдастыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Rgmedia.kz. 

c67a26b3-57b7-4b9d-83a6-258d46c3725c.jpg

Осы орайда шетелдік қонақтармен тікелей жұмыс жасайтын еріктілердің кәсіби дарялығы ерекше маңызға ие. Осы мақсатта «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» шарасына волонтерларды даярлау мақсатында «Қазақстан волонтерлар лигасы» қоғамдық қоры мен Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і арасында ынтымақтастық МЕМОРАНДУМЫ түзілді. 

f249c98f-c5e1-4a74-b7e9-47855bd26929.jpg

Волонтерлармен жүргізілетін жұмыстың негізгі мақсаты қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы волонтерларды анықтау, оларды  волонтерлықтың "Bilim", "Qamqor", "Úmit", "Sabaqtastyq", "Taza Álem" және "Saulyq" 7 салалық бағыттары бойынша  және Шымкент қаласы ТМД елдері мәдени астанасының  салтанатты ашылуында волонтерлардың қызметіне байланысты жұмыс жүргізу болып табылады. Жалпы арнайы оқытудан өтетін волонтерлар саны  300-ге жуық деп жоспарланып отыр. Олар қаламызға келетін қонақтарды күту және бағыттаушы әрі көмек көрсетуші  ретінде қызмет көрсетпек. Айта кетейік, еріктілерге арнайы үлгідегі киімдер таратылып олардың жол жүру ақысы мен тамақтануы қарастырылатын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер