Сыбайлас жемқорлық өршіп тұрған облыстар белгілі болды

200227191232785e.jpg

Елімізде параның мөлшері өсті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық кәсіпкерлер форумында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы міндетін атқарушы Ербол Үстеміров айтты, деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі. 

– Біз 2019 жылы сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау үшін нақты әлеуметтік зерттеу жүргіздік. Зерттеу қорытындысы бойынша параның орташа мөлшері, сыбайлас жемқорлық мөлшері ең жоғары аймақтар, параны көп алатын мемлекеттік органдар анықталды, –  деді ол. 

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлықпен қатысы бар кәсіпкерлер саны төмендегенмен, жалпы параның орташа мөлшері өскен. 

– 2018 жылы параның орташа мөлшері 193 мың теңге болса, 2019 жылдың қорытындысы бойынша 205 мың теңгеге өскен. Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарында сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары болса, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен, – деді Ербол Үстеміров.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шарм-эш-Шейх әуежайындағы трагедияға қатысты соңғы деректер мәлім болды
  • Шерзат Полат ісі: Сот блогерлерге ескерту жасады
  • Қыз алып қашқандардың жазасы қандай? ІІМ жауап берді
  • «Шағадағы» шатақ: Шөкеевтің өз шындығы бар
  • Вице-министр: Дәрігер қателікті әдейі жасамаса жазалауға болмайды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер