12 полицейдің үстінен іс қозғалды

46-008.jpg

Түркістан облысында 2019 жылы 12 полиция қызметкерінің сыбайлас жемқорлық бойынша іс қозғалды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков ел алдындағы есебінде айтты, деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігінің Түркістан қаласындағы тілшісі. 

– Сыбайлас жемқорлық бүгінде өзекті тақырыптардың қатарында тұр. Бұл бойынша жеке құраммен түсіндіру жұмыстары жиі өткізіліп тұрады. Алайда кейбір қызметкерлеріміздің тәртіп пен заңдылықты сақтамауы жағынан бірқатар мәселелер орын алды. Мәселен, осы сыбайлас жемқорлық бойынша анықталған 12 полицейдің үстінен іс қозғалды. Оның ішінде Сайрам АПБ Көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Ғабит Дарханов өз лауазымын асыра пайдаланып, азаматшадан 50 мың теңге пара алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ қызметінен шығарылып, арнаулы атағынан айырылды, – дейді Қайрат Сұлтанбайұлы. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Руханиятқа көрсетілген құрмет
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: Қос палаталы Парламент отыз жылдық тарихи миссиясын абыроймен аяқтайды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар толық жойылды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу құжаттары талаптарға сәйкестендірілді
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу рәсіміндегі бұзушылықтар жойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер