40 полицей жұмыстан босатылды

далбеков.jpg

Түркістан облысында бір жылда 500-ден астам полиция қызметкері жағымсыз әрекеттері үшін жазаға тартылса, 200 полицей әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков ел алдындағы есебінде айтты, деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігінің Түркістан қаласындағы тілшісі.

– Жағымсыз себептермен 40 қызметкер жұмыстан шығарылса, 510 қызметкер жазаланды. 247 рейдтік іс-шара өткізіліп, оның нәтижесі бойынша 202 қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондықтан заң баршамызға ортақ, заңды бұзған кез-келген адам қызметіне, лауазымына қарамастан жазасыз қалмауы тиіс, – дейді департамент бастығы.

Дегенмен, Дәлбековтың дерегінше, Түркістан облысында полиция қызметкерлері жетіспейді. Халық санына шаққанда штаттық саны тиістілік нормасынан төмен. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Самұрық-Қазына басшысы 650 қызметкердің қысқартылатынын айтты
  • Қытайлық компаниялар Қазақстанның бірнеше қаласында қонақүйлер мен ойын-сауық кешенін салмақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер