164 мыңнан астам шетелдікке айыппұл салынды

д.jpg

Түркістан облысында 164 мың 162 шетелдік пен азаматтығы жоқ тұлғалар уақытша тіркелген. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков ел алдындағы есебінде айтты, деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігінің Түркістан қаласындағы тілшісі.

– Өткен жылдың қорытындысымен Түркістан облысында жалпы 164 мың 162 шетелдік пен азаматтығы жоқ тұлғалар уақытша тіркелген. Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзған азаматтарға 27 млн. 961 мың 221 теңге айыппұл салынып, толығымен өндірілді, – дейді полиция генерал-майоры. 

Дәлбековтің дерегіне сүйенсек, былтыр облысқа 54 мың 9  шетелдік еңбек иммигранты келген. 

– Биылдан бастап шетелдіктердің тіркелу тәртібі бойынша заңға өзгеріс енгізілді. Яғни, сіз шетелдіктің келуі, болуы мен оның уақытша тұруы бойынша Көші-қон орталығы қызметкерлерін 3 тәулік ішінде хабардар етуіңіз тиіс. Себебі сіз үйіңізге келген қонақтың немесе жұмыс жасауға келген жұмысшы үшін Қазақстан азаматы ретінде жауаптысыз. Егер осы талаптар орындалмаса сіз ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартыласыз, – деп түсіндірді департамент бастығы ел алдындағы есеп беру жиынына жиналған жұртқа. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Самұрық-Қазына басшысы 650 қызметкердің қысқартылатынын айтты
  • Қытайлық компаниялар Қазақстанның бірнеше қаласында қонақүйлер мен ойын-сауық кешенін салмақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер