6 мың тоннадан астам есірткі тәркіленді

героин.jpg

Түркістан облысының полицейлері 6 мың тоннадан астам есірткі затын тәркіледі. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков ел алдындағы есебінде айтты, деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігінің Түркістан қаласындағы тілшісі.

– Есірткімен күрес жүйелі түрде жүргізіліп келеді, алайда оны пайдаланып, тұзағына түсіп қалатындар аз емес. Сонымен қатар бүгінде есірткінің синтетикалық түрлері де көбейген. Өткен жылы есірткі бойынша 166 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлерінің жыл бойына жүргізген есірткіге қарсы күрес жұмыстарының нәтижесінде есірткі бойынша 397 қылмыстық құқықбұзушылық, есірткі егудің 54 жайты, сақтаудың 68 жайты анықталды. Сондай-ақ заңсыз айналымнан 6 тоннадан астам есірткі заты алынса, оның 2 килограммға жуығы героин, – деді департамент бастығы. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Самұрық-Қазына басшысы 650 қызметкердің қысқартылатынын айтты
  • Қытайлық компаниялар Қазақстанның бірнеше қаласында қонақүйлер мен ойын-сауық кешенін салмақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер