Шөкеев еңбегі адал азаматтарға 20 көлік сыйлады

016.jpg

Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті су жаңа техникамен толықты. Төтенше жағдай қызметкерлеріне облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев 20 өрт сөндіру автокөліктерінің кілтін табыстады. Ресейлік зауыттан арнайы тапсырыспен алдырылған техника заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылған.

– Сіздердің еңбектеріңіз адал. Қауіптің бел ортасында жүріп төтенше жағдайлармен тиімді күрес жүргізіп келесіздер. Осы уақытқа дейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздіңіздер. Апатпен күресте жоғарғы кәсібилік және жанқиярлық еңбектеріңізге алғыс айтамыз, – деді облыс басшысы.

Бүгінгі таңда, өңірде өрт сөндіру қызметінде 167 өрт сөндіру техникасы бар. Оның басым көпшілігі өрт сөндіру автокөліктері де, қалғаны көмекші автокөліктер. Соңғы үш жылда Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 66 бірлік техника алынды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Руханиятқа көрсетілген құрмет
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: Қос палаталы Парламент отыз жылдық тарихи миссиясын абыроймен аяқтайды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар толық жойылды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу құжаттары талаптарға сәйкестендірілді
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу рәсіміндегі бұзушылықтар жойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер