Төтенше жағдай толық президент бақылауында

Нұралы Әбіш, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты:

0a082722-1e5a-405a-b869-ce87ce22dc60.jpg

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күні кеше ғана мемлекеттік комиссия отырысында  барша қазақстандықтарға аса үлкен сенім мен жауапкершілік артылып  отырғанына тоқталған болатын. 

Яғни, біз үкімет тарапынан қолға алынып отырған шектеулер мен сақтану шараларына барынша қолдау білдіріп, түсіністік танытып, барлық талаптарды орындауға тиіспіз. Олай етпеген жағдайда қиын жағдайға тап болуымыз мүмкін. Сондай-ақ жалған ақпараттарға сенбей, ел ішінде үрей туғызбауға, жұртты сабырға шақырып, ынтымақ, бірлікке ұйыстыра білуіміз керек. Әлемге қауіп төндіріп тұрған індетпен күрес жүргізу тек медицина қызметкерлері мен құқық қорғау мамандарының ғана емес,бүкіл қазақ қоғамының міндеті. Ендеше біз бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай болып,заң талаптарына бағынып, жеке бас гигиенасы мен тазалығын сақтап, індеттің таралуына жол бермеуге атсалысуымыз қажет. Бір қуанарлығы - Қазақстан мемлекеті індетпен күрес жұмыстырын дер кезінде қолға алып, елордамыз бен Алматы қалаларында карантин енгізді. Адам көп шоғырланатын сауда орындары мен ойын-сауық кешендерін,үлкен базарларды жапты. Маска жетіспеушілігін ескеріп, кәсіпкерлерді осы іске жаппай жұмылдыра білді. Қазіргі таңда маска жетіспеушілігі аса сезіліп отырған жоқ. Азық-түлік бағасы да үкіметтің жіті бақылауында. Барлық қажетті азық-түлік қорлары жасақталып жатыр. Ендігі міндет - осы қысылтаяң, қарбалас шақта бірлігімізді танытып, сабырлықпен осы қиын кезеңнен аман-есен шыға білу. Бұл іс қазақ халқының қолынан келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер