Шымкент қаласының төтенше жағдай штабы ескертеді

img_20200325_135100-750x422.jpg

Баршаңызға мәлім, елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, Сіздерден өз үй-жайларыңыздан мүмкіндігінше шықпауды өтінеміз.

Азық-түлік немесе дәрі-дәрмек алу сынды аса қажеттілік болмаса, сауда орындары мен базарларға, саябақтарға, ойын алаңшаларына баруды және туған-туыстардың, дос-жарандардың үйлеріне қыдыруды уақытша доғаруды сұраймыз.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей індеттің адамдар жиналатын ортада тез таралатынын ескеріп, тиісті органдар тарапынан жүргізілген ескертулерге дер кезінде құлақ асуды өтінеміз.

Жер-жаһанда коронавирусты жұқтырғандар саны 600 мыңнан асты. Еуропадағы Италияда өткен бір тәулікте індеттен көз жұмғандар саны мыңға жақындады. Бұл деректер өз кезегінде жағдайдың аса ауыр екендігін аңғартып отыр.

Бүгінде Шымкент қаласы әкімдігі жанынан төтенше жағдай бойынша арнайы штаб құрылды. Бұл құрылым өзіне жүктелген мақсат-міндеттерге сай нақтылы жұмыстарды атқаруда.

Дегенмен, қаладағы базарларға жүргізілген мониторинг нәтижесі шымкенттіктердің осы күнге дейін қарапайым қауіпсіздік ережелерін ескермей жүргендігін көрсетіп отыр. Сондықтан Сіздерден аса қажеттілік туындамаса, көшеге шықпауды өтініп, далада бетперде киіп, антисептикалық құралдарды қолдануды сұраймыз.

Сіздің қауіпсіздігіңіз – бүкіл елдің қауіпсіздігі!

Шымкент қаласының төтенше жағдай штабы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шығарылады
  • Головкин Өзбекстан президентімен кездескенін сүйіншілете хабарлады (фото)
  • Елде жуғыш заттар өндірісі артты
  • Ғасырдан асқан Түркістан вокзалына ғылыми реставрация жасалады
  • Қазақстанда 504 елді мекен спутниктік интернетке қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер