Түркістандық кәсіпкер 2 млн теңгенің ет өнімін елге тегін таратты

Елімізде «Nur Otan» партиясының бастамасымен «Біз біргеміз!» акциясы жалғасуда. Коронавирус індетіне қарсы күресті күшейту, көмекке мұқтаж тұрғындарды қолдау мақсатында қолға алынған акцияға жанашыр азаматтар атсалысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат порталы

c9213528-b943-4dc0-bf0c-1014a6408c8a.jpg

Түркістан облысының кәсіпкері, «Ордабасы құс» ЖШС-нің директоры, бастауыш партия ұйымының төрағасы Мұрат Тағаев та айрықша үлес қосып, 2800 келі күркетауық еті өнімімен демеушілік көрсетті.  

- «Мемлекет тарапынан қауіпті індетті таратпау, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру үшін ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Дегенмен мұндай кезеңде әрбір азамат қолдан келгенше елге көмектесуі керек деп есептеймін. Біз бұл қиындықты бірлік пен тәртіп арқылы жеңеміз», – дейді Мұрат Тағаев.  

f263dfed-063e-4f97-8d91-f6b99df75261.jpg

Іскер азамат күркетауық етінен әзірленген шұжық және өзге де өнімдерді партиялық жобалар аясында тұрмысы төмен тұрғындарға тарату үшін «Біз біргеміз!» акциясының үйлестірушілеріне ұсынды. Жалпы өнімнің құны 2 млн. теңгені құрайды. Партия өкілдері мен волонтерлер, «жасотандықтар» бұл етті аудан, қалаларда тізімдегі отбасыларға апарып бермек.  Ордабасы ауданы, Бадам ауылында орналасқан «Ордабасы құс» ЖШС бүгінде Қазақстанның бірнеше өңірін күркетауық етімен қамтып отыр. Өнім көлемі де ұлғайып келеді. Осы кәсіпорынды басқаратын Мұрат Тағаев бұған дейін де қайырымдылық акцияларына үлес қосып, демеушілігімен танылған. Меценат азамат, «Nur Otan» партиясының мүшесі Мұрат Тағаевқа жұртшылықтың алғысы мол.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жұмабек Тәшеневтің елге жасаған еңбегі дәріптелді
  • Фитнес клубтар мен мейрамханаларды тексеру басталды
  • Енді жаңа SIM-карта сатып алу үшін екі рет тіркеуден өтесіз
  • «Алматы Су» кәсіпорнының лауазымды қызметкері 5 жылға сотталды
  • Қазақстанда пәтер құны жоғарылаған қалалар аталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер