Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Дербісов мәлімдеді.
Коронавирус пандемиясының таралуын жол бермеу мақсатында республика аумағында төтенше жағдай жариялағаны баршаңызға белгілі.
– Осыған байланысты қала тұрғындарын үйде болуды, аса қажеттілік болмаса көшеге шықпауға және барлық санитарлық және гигиеналық нормаларды сақтауға шақырамыз. Үйде тұрмыстық өрттерді, улы және табиғи газбен улануды болдырмау мақсатында электр және басқа да құралдарды пайдалану кезінде барлық қауіпсіздік шараларын немесе өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды сұраймыз.Шымкент қалалық ТЖД жеке құрамы күшейтілген түрде қызмет атқаруда. Департаменттің жеке құрамы барлық бетперделер мен дезинфекциялық құралдармен қамтылған.
Департаменттің барлық бағынысты бөлімшелерінде дезинфекциялық жұмыстар атқарылған, қазіргі таңда әрбір 2 сағат сайын үй-жайлар мен жабдықтарды залалсындандырылады, - деді Нұрболат Дербісов.
Сондай-ақ, енгізілген шектеу шараларды халыққа жеткізу мақсатында Департамент екі мобильді автокөлік кешенін ұйымдастырған. Белгіленген маршрут бойынша дауысзорайтқыш арқылы шектеу шаралары халыққа жеткізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті атқарылуда. Сонымен қатар 30 республикалық және жергілікті телеарна мен 3 радиоарнасын тоқтатып, Шымкентте енгізілген шектеу шаралары халыққа әрбір 2 сағат сайын жеткізілуде.
Шымкент қаласы аумағында 18 блок-посттар жұмыс атқарып, құқық қорғау органдары өз міндеттерін атқаруда. Департаменттің тәулік бойы жұмыс атқаратын «101» және «112» телефон арқылы халықтан хабарламалар қабылдануда. Барлық телефон хабарламалар бойынша көмек көрсетілуде.