Блок-бекет қызметкерлеріне ас ауқат үлестірілді

«Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент филиалымен бірлесе отырып игі істі жүзеге асырды. 

fa4b8f01-14e2-4320-8f57-0ace68ccc0df.jpg

Яғни «Біз біргеміз!» акциясы аясында игі бастаманы қолға алды. 

Тұрғындар қауіпсіздігі үшін Шымкент қаласының аудан қалалармен шекаралас жатқан блок-бекеттерде тәулік бойы қызмет етіп жатқан медициналық қызметкерлерді ыстық тағаммен және сусынмен қамтамасыз етті. 

d44a1356-9d72-45db-a6e9-8226c467fa0c.jpg

Тұтас Қазақстан ауыр індетке қарсы күресіп жатқан сәтте кәсіподақ қызметкерлері осылайша жомарттық танытып, бүгін екінші күн бойы түскі және кешкі мезгіл ас ауқат үлестірді. Жалпы 12 блок-бекетте бір кезеңде 80-ге жуық медициналық қызметкерлер жұмыс жасауда. Осы қысылтаяң шақта арнайы қор құрып, ыстық тағам таратқан кәсіподақ ұйымдары алдағы уақытта да игі бастамаларды жүзеге асыруға ниетті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа заң: ҚМДБ бетті толық жабуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
  • Қазақстаннан Қытайға 1500 киікті беру процесі қалай іске асады
  • Елімізде барлық пойызға бейнекамера орнатылмақ
  • Ауылдардағы интернет сапасын жақсарту: Халықаралық қайта құру банкінен қаржы тартылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер