Заң және біз

Түркістан облысы Бәйдібек АПБ-ның ювеналды полиция инспекторлары Жамбыл ауылындағы Ж.Жабаев мектебінде «Заң және біз» атты тақырыпта жиналыс өткізді. Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қылмыстың алдын алу, профилактикалық шараларды жүргізу мақсатында өткен жиынға Жамбыл орта мектебінің 10-11 сынып оқушылары қатысты.

image.png

Мәні мен маңызы жоғары іс-шара барысында қылмыссыз қоғам орнатуға қатысты әңгімелер сөз болды. Карантин талаптары да толығымен сақталды. 

Полицейлердің ел тыныштығы жолында атқарып жатқан жұмыстарына қолдау білдіріп, қандай да бір тәртіпсіздік, теріс қылық жасамауға кеңес берді. 

Кездесу барысында полицейлер, жастарға полиция болу үшін қажетті дағдыларды түсіндіріп, кәсіби бағыт-бағдар берді. Ішкі істер органдарына қызметке тұру үшін бірінші кезекте шыдамдылық пен қайсарлық қажет екенін айтты. Сондай-ақ ел мен жердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тыныштықты сақтауда белсенділік танытуға шақырды.

Ашық сұқбат барысында жастар да тәртіп сақшыларына сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер