Түлкібас ауданында жыл басынан бері 4500-ге жуық азаматқа әкімшілік хаттама толтырылған

Түлкібас АПБ-нің қызметкерлерімен және мобильдік топтармен карантин режимінің сақталуын қадағалау және тұрғындардың тыныштығын қадағалау мақсатында, рейдтік іс шаралар жүргізілуде. Осы аралықта жыл басынан бері  жалпы 4351  әкімшілік хаттамалар толтырылған.

image.png

 Атап айтқанда,  ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «мас халде автокөлік басқару» бойынша  14 жайт,  425-бабы «карантин режимін сақтамаған» бойынша 324 дерек, 434-бабымен «қоғамдық орынды ластау» - 285, 204-бабы «ретсіз сауда жасау» бойынша 43 жайт,  440-бабымен «қоғамдық орында мас халде жүру» - 149 дерек,  441-бабы «белгіленбеген орында темекі шегу» бойынша 27 жайт,  73-бабымен «ұрып-соғу» - 19 дерек тіркелсе,  408-бабы «ит, мысықты асырау қағидасын» бойынша 844 жайт тіркеліп, әкімшілік хаттама түзілген.

Басқа да өзге баптармен 624 хаттама толтырылған. Қазіргі уақытта аудан көлемінде қосымша рейдтік жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 2021 жылдың 3 айында Түлкібас аудандық СЭС бөліміне 324 іс жолданды. Оның ішінде 177 тұрғынға медициналық бетперде тақпағандары үшін болса, 8 азаматқа көкпар ұлттық ойынын өткізгендері үшін. Одан бөлек, 12 жеке кәсіпкерге  айыппұл салынды. Қазіргі таңда 56 іс қаралуда.

Осы тұста мысал келтіре кетсек, Түлкібас ауданына қарасты базар маңында бір азаматтың мас халде жүргені күдік тудырған. Содан соң тексеру барысында оған қатысты медициналық сараптама тағайындалып, қорытындысында «Жеңіл» дәрежелі мас күйі анықталған. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы «Қоғамдық орында мас халде жүру» бойынша әкімшілік хаттама толтырған. 

Түркістан облысы Полиция департаменті карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді. Сондықтан Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын қатаң сақтау, бетперде кию және арақашықтықты сақтауды естен шығармаңыз.


ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер