Түркістан облысында «Әлеуметтік көмек алып беремін» деп тұрғындарды алдаған күдікті ұсталды

Түркістан ҚПБ-ға арызданып келген Үшқайық ауылдық округінің тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болғандығын жеткізген. Танысы «Кәмелетке толмағандарға арналған атаулы әлеуметтік көмек алып беремін» деп сеніміне кіріп, 40 000 теңгесін алған. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық " бойынша тіркелді.

image.png

Түркістандық тәртіп сақшылары тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен күдікті әйелді қолға түсіріп, қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Қажетті деп танылған барлық іс-шараларды жүзеге асырды. Алаяқтыққа қатысы бар күдікті азаматша  Түркістан қаласының тұрғыны болып шықты. 

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті алаяқтықпен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген.Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде. Бас шарасы қолхатта.

Бүгінгі таңда, мемлекеттік жеңілдетілген жәрдемақыларды алып беремін деп алаяқтық жолмен азаматтарды алдап, сенімге кіріп, соңында полицейлердің көмегіне жүгініп жатқандар көбеюде. Сондықтан, Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері мүмкіндігінше сақ болып, кез-келген адамға артық сенім білдірмеу керектігін айтады. Егерде сіз осындай қылмыстардың куәгері немесе құрбаны болсаңыз, онда міндетті түрде полицияның жедел желісі «102» нөміріне хабарласыңыз.


ТО ПД-нің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер