«Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өтті

Түркістан облысының аумағында заңсыз сақтаудағы қаруды және оқ дәрілерді тәркілеуге, оларды сатып алу көздерін, заңсыз жеткізу арналарын анықтау мен оларды жоюға жедел іс-шаралар қабылдау мақсатында «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.

image.png

Сәуір айының алғашқы он күндігінде өткен іс-шара барысында Арыс қаласынан 179 азаматтың  тіркелген қарулары тексерілді. Полиция қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша азаматтық қарудың иелерін, сондай-ақ қызметтік қаруы бар күзет фирмаларының қаруды сақтау ережелері мен қаруды тіркеу, қайта тіркеу мерзімі мен тәртібін сақтауға қатысты ережелерді түсіндірді.

Үш күн ішінде  ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы «Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу» бойынша 1 хаттама, ҚР ӘҚБтҚ-нің 482-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы» бойынша 1 хаттама толтырылды. 

Түркістан облысының полицейлері "Қару" жедел алдын алу іс-шарасының өз жалғасын табатынын ескертеді. Сонымен қатар, тіркелмеген қаруларыңыз болса полицияға тапсырыңыздар.


ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер