Түркістан облысында полицейлер заңсыз ойын кеңсесін анықтады

Жетісай АПБ-нің кезекші бөліміне ұялы телефон арқылы бір азамат хабарласып, Жетісай қаласы, С.Қожанов көшесі бойында кафенің жанында заңсыз «Кено» ойынханасы ашылып, жұмыс жасап жатқаны туралы хабарлама беріп, полиция қызметкерлерінің келуін сұраған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 307-бабы «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бойынша тіркеді.

image.png

Хабарлама бойынша оқиға орнына Жетісай АПБ-нің жедел-тергеу тобы шұғыл жетті. Тексеру барысында, ойынхананың ашық тұрғаны анықталған. Ойынхананың ішіне кіріп тексеру кезінде, заңсыз «Кено» ойыны істеп тұрғаны анықталды. Сондай-ақ  ойынханада оператор болып жұмыс жасап тұрған жас қыз Сарыағаш ауданының тұрғыны  болып шықты. Айғақты зат ретінде 3 дана теледидар, 8 дана жүйелік блок, 8 дана манитор және 2 дана чек басып шығаратын кассалық аппараты тәркіленіп алынды. 

Қазіргі таңда, күдіктінің бас шарасы ешқайда кетпеу туралы қолхатта. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың соңы, қылмыстық жауаптылыққа әкеліп соғатынын ескертеді. Және кәсіпкерлерге карантин талаптарын, яғни бетперделік режим мен арақашықтықты сақтауды, әсіресе заңсыз ойынханалар ашып, жастардың санасын улауға жол бермеуді кеңес етеді.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер